Экраны үлкен смартфондар несімен қауіпті екенін білесіз бе – Жақсы Ақпараттар Сайты
Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Экраны үлкен смартфондар несімен қауіпті екенін білесіз бе

Жаңалықтар

Экраны үлкен смартфондар несімен қауіпті екенін білесіз бе

Экраны үлкен смартфондар несімен қауіпті екенін білесіз бе

Үлкен экранды құрылғылар қазір сәннен қалды. Себебі экран көлемінің үлкен болуының тиімсіз тұстары көп, қазіргі кезде өндірушілер де экран көлемін үлкейтуді тоқтатқан деп жазады “Прайм” агенттігі.

Ресей экономика университеті информатика кафедрасының доценті Александр Тимофеевтің айтуынша, экраны үлкен смартфонды қолданудың бірнеше тиімсіз тұсы бар.

“Біріншіден, телефонды қолыңызға ұстап, бас бармағыңызды экранға “тигізу” қиын әрі ыңғайсыз. Егер сіз мұндай гаджетті жиі қолдансаңыз, қолыңыздағы бұлшықеттерде проблемалар пайда болуы мүмкін”, – деді маман.

Тағы бір тиімсіз жағы – қолайсыздық.

Үлкен экранды смартфонды алдыңғы қалтаға салу қиынға соғады, сондықтан оны артқы қалтаға салып жүру керек. Мұндай жағдайда құрылғыны жоғалту ықтималдығы жоғары болады.

Сондай-ақ түнде экраны үлкен телефонның жарығы алыстан көрінеді. Бұл қолайсыздықтан бөлек бөтен адамдардың назарын аударады. Олардың арасында ниеті жаман адамдар болуы мүмкін.

Сондықтан өндірушілер жаңа құрылғыларды әзірлегенде экран көлемін арттырмайды. Экранның ені – 6-8 сантиметр, ұзындығы 10-15 сантиметр тиімді болып саналады.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Есірткіге жол жоқ!

Авторы: 02.12.2020
Жоғары