Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі

Жаңалықтар

Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі

Сенбі күні Алматы қаласының «Астана» алаңында мереке қарсаңында облыс аудандары мен қалаларының, «Жетісу» ӘКК-нің қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.  Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сапалы әрі экологиялық таза 200 тоннадан астам өнімді нарықтағыдан төмен бағада ұсынады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің бпаспасөз қызметі.

Жәрмеңкеге 40,3 тонна ет, 97,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс, 15,3 тонна сүт, 5,7 тонна балық және 42 тонна басқа да түрлі азық-түлік апарылады. Жалпы құны 120,2 млн. теңге болатын барлығы 40 түрлі өнім саудаланады.

Сонымен қатар мегаполистің тұрғындарына облыс өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Жалпы, бұл көктемгі кезекті жәрмеңке Алматы қаласы маңында азық-түлік белдеуін дамыту, сондай-ақ азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілуде.

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары