Жыл басынан 10 мың адам жұмыспен қамтылды

1221

Алматы облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру үшін биылғы жылы 8,5 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бүгінгі күні еңбек нарығының сұранысына сәйкес өңірдегі 29 колледж бен 2 орталықта 43 мамандық бойынша 3370 адам оқытылуда.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, Бағдарлама қатысушыларына облыстың 45 колледжінде белгіленген кәсіптерді игеруге мүмкіндік жасалған.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында бүгінгі күні «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 77 адамның жалпы сомасы 348,8 млн. теңге болатын құжаттарын мақұлдап, қазіргі кезде 19 адамға 89,7 млн. теңге шағын несие берген. Ал «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 671 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, оның 318-і оқуын аяқтап үлгерді.

Өңірдегі жұмыспен қамту орталықтарына жыл басынан бері 40 538 адам жүгініп, оның 9 993-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ 1017 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасса, 823 адам жастар практикасына, 5 494 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.