Жастарға жұмыспен қамтуға арналған бағдарламалар

2399

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламалардың негізгі мақсаты өнімді іс орындарымен қамту  және кәсіпкерлікті дамыту.  2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы осы мақсатты  іске асырудың негізі болып табылады. Бұл жобаны табысты іске асыру үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен бірқатар семинарлар, оның ішінде мемлекеттік басқару академиясының филиалы жанындағы жиындар, жалпы және арнайы, әр қала мен аудан бойынша таныстыру шаралары ұйымдастырылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және біліктілігі жоқ өзге де адамдарды үш бағыт бойынша мәселелерді шешу арқылы өнімді жұмыспен қамтамасыз ету: оқыту, шағын кредит беру, қоныс аудару.

Бірінші бағыт  – жаппай оқыту.  Мектеп бітіргеннен кейін оқу орындарына түспеген жастар үшін орта колледждердің базасында тегін негізде сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаппай оқыту бағдарламалары қарастырылған. Бұл мақсатты орындау үшін 2018 жылы 368,7 млн теңге бөлінді. Арнайы оқу орындарында 32 мамандық бойынша (радиоэлектроника және байланыс, медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, токарлық іс және металл өңдеу, фермерлік шаруашылық, өнеркәсіптің электромеханикалық жабдығы, дәнекерлеу ісі сияқты мамандықтар дайындайды.

Екінші бағыт – ШОБ микрокредиттер беру. Бағдарламаның екінші бағыты жеке ісін ашуға немесе шағын кредит беру арқылы жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге мүмкіндік береді. Кепілдік қамтамасыз ете алмаған үміткерлерді қолдау үшін «Даму» қоры арқылы қарыздарды кепілдендіру қарастырылған.

Үшінші бағыт – әлеуметтік жұмысқа орналастыру. Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 725 адам, жастар тәжірибесіне – 361, қоғамдық жұмыстарға – 4565 адам жұмысқа орналастырылды. Республика өңірлерінің арасындағы еңбек нарығының теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатында халықтың өңіраралық көші-қоны мәселесі үлкен әлеуметтік-саяси өзектілікке ие болады. 2018 жылы елдің еңбек күші мол өңірлерінен 714 отбасы (2471 адам), оның ішінде 364 қоныс аударушы отбасы (1421 адам), сондай-ақ 350 оралман отбасы (1050 адам) қоныс аудару жоспарлануда. Барлық қоныс аударушыларға көшуге және тұрғын үйді жалға алуға қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда 228 отбасы қоныс аударды (772 адам).

2019 жылдың I жартыжылдығында 280 мыңнан астам отандасымыз «Еңбек» бағдарламасымен қамтылды. Ең көп жұмыс орындары сауда, құрылыс және ауыл шаруашылығында. Құрылған жұмыс орындарының негізгі бөлігі, яғни 30% Алматы қаласы, одан кейін Алматы және Маңғыстау облыстарына тиесілі. Ауылдық жерлерде 77 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, бұл 42% құрайды.

Сонымен қатар, білім берудің тиімділігін арттыру мақсатында осы жылдан бастап оқу орындарына сұраныс артты. «Атамекен» ҰКП – мен бірлесіп білім беру мекемелерінің тізілімі әзірленді және бекітілді. Бүгінгі күні тізілімге 615 оқу орны мен орталықтары кіреді.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыруға ағымдағы жылы 83 млрд теңге бөлініп, 19 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.