Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Алматы облысында сайлау жоғары деңгейде өтті – халықаралық байқаушы

Жаңалықтар

Алматы облысында сайлау жоғары деңгейде өтті – халықаралық байқаушы

Алматы облысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға жергілікті мәслихат депутаттарының 98 пайызы қатысты. Бұл жолғы саяси дода екі үміткердің арасында өтті. Сайлау барысын Оңтүстік Корея мен көршілес Ресейден келген 14 халықаралық байқаушы бақылап, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып отырды. Оңтүстік Кореядан келген халықаралық байқаушы Чае Судук сайлаудың жоғары деңгейде өткенін айтты.

«Бүгінгі сайлау маған өте ұнады. Барлығы сайлау заңына сай, ашық түрде өтті. Ешқандай заңбұзушылықты байқамадым. Адамдардың жүздері жарқын, көңілдері көтеріңкі, мереке екені сезіліп-ақ тұр», дейді Чае Судук.

Сайлауға қатысып, өз таңдауын жасаған 327 депутаттың 298-і Нұрлан Наурызұлы Қылышбаевқа дауыс берді. Осындай басымдыққа ие болған ол Парламенттің Жоғарғы палатасына депутат болып сайланды. Ал оның қарсыласы өз кезегінде бүгін өзіне сенім білдіріп, үлкен үміт артқан жергілікті мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.

«ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер ретінде қатыстым. Мен үшін ашық түрде барлығы өтті. 29 депутат дауыс берді. Барлығына рахмет айтқым келеді. Осылай қолдап, үміт артып, маған өз дауыстарын бергеніне рахмет», деді үміткер Еркебұлан Өмірзақов.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жолғы Сенат сайлауына Алматы облысы бойынша 6 үміткер ұсынылып, олардың тек екеуі ғана тіркелді. Олар өздеріне белгіленген уақытта өңірді аралап сайлаушыларымен кездесті. Бағдарламаларын таныстырды.

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары