Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Жетісу жерінде «Хан Тәңірінен оралу» деректі фильмінің тұсауы кесілді

Жаңалықтар

Жетісу жерінде «Хан Тәңірінен оралу» деректі фильмінің тұсауы кесілді

Жетісу жерінде «Хан Тәңірінен оралу» деректі фильмінің тұсауы кесілді

Алматы облысында ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған «Хан Тәңірі» экспедициясы кезінде түсірілген  деректі фильм көрермендерге жол тартты. Аталмыш фильмде Солтүстік жер шарындағы биіктігі 7010 метрді құрайтын мұзды шыңды бағындыру жолындағы қиындығы мен қызығы мол танымдық оқиға желісі бейнеленген.

Арайлап ататын күннің, қызарып батқан кезінде қызыл түске боялып кететін – Хан Тәңірі тауы. Айыр қалпақ бауырларымыз қырғыздардың Қытай мен өз Қазақстанымыздың шекарасын алып жатқан, Шығыс Тянь – Шаньдағы бұл шың мәрмәрленген әк тастан түзілген.

Жоба мақсаты, Алматы облысының тау туризмін дамыту Жетісу өңіріндегі туризмнің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, дүниежүзіне Қазақстанның көз тартар  табиғаты туралы мардымды деректер ұсыну және жастардың физикалық пен техникалық даярлықтарын дамыту салауатты өмір салтын қалыптастыру. 3 аптаға созылған медиа-экспедиция суреттелетін фильм жөнінде актер Әнуар Нұрпейісов өз пікірімен бөлісті.

-Әлемдегі ең биік шыңдардың бірін бағындыру ол мен үшін тәуекелдің шайқалған кемесіне отырумен бірдей болды. Шыңды бағындырудан кейін мен ешқашан өзіме «шаршадым» демедім, себебі нағыз шаршаудың қандай болатынын мен мұзды тауға шыққанда ғана түсіндім. Осыдан кейін менің өмірім екіге бөлінді экспедициядан бұрын және кейін. Бұл фильмде сіздер Қазақстанның табиғатын басқа қырынан танып, Альпинизмның қандай ерекше сала екінін түсінесізде. Осындай қуаныш сыйлаған Алматы облысы әкімдігіне айтар алғысым шексіз. Бұл сапар ең қиын, әсем, өмірімде есте қаларлықтай болды, – дейді актер.

Аталмыш туындыда, Ә.Нұрпейісовтен басқа, театр және кино әртісі Альпиниада мен Қазақстан тау клубының қатысушысы  Айсұлу Азимбаева,National Geografic ұйымдастырған «Әлемнің 100 кереметі» атты халықаралық фото фестивальдің қатысушысы, спортшы әрі оператор Александр Кузнецов және «Жетісу географиялық қауымдастығының» жетекшісі Ануар Демегенов түскен. Бұл сапарда шыңның ең биік нүктесін бағындыру қорытындысы бойынша актриса А.Азимбаева 6000 метр, А.Кузницов 5800 метр және Ә.Нұрпейісов 5500 метр биіктікке шыққан.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары