Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Astana Contemporary Art Center: ЭКСПО кезінде және бүгін

EXPO

Astana Contemporary Art Center: ЭКСПО кезінде және бүгін

Astana Contemporary Art Center: ЭКСПО кезінде және бүгін

Astana Contemporary Art Center (Астана Замануи Өнер Орталығы) ЭКСПО-2017 халықаралық көрме кезінде танымал орталықтардың бірі болды.

Арт-орталығын көрген де, көрмеген де арманда. «Astana Contemporary Art Center» павильоны келушілерді әр түрлі бағыттағы заманауи өнер туындыларымен таныстырды. ЭКСПО кезінде мұнда келушілердің көз алдарында бір робот сурет салса, басқасы мүсін қалаған. Жазда осы жерге арнайы ат басын бұрып, түсіріп алған суреттер:

Бұл павильонда ТМД мемле­кеттерінің өнерінің озық үлгі­лерін топтастырған «Garage» атты бүгінгі заман өнері паш етілді.

Арт-орталықта 13 мемлекеттен келген 17 суретші өздерінің өнерпаз роботтарын көрсеткен. Бұл роботтар көрмеге келушілердің көз алдында әртүрлі аспаптар арқылы неше түрлі өнер туындыларын жасады.

ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында әлемдік өнер жетіс­тіктеріне және танымдық оқу-ағарту мәселелеріне ар­нал­ған бұл орынға келушілер бір сәтке де толастамады.

Ағартушылық, танымдық бағыттағы мүсіндердің әрқайсысы заманауи өнердің келбетін көрсетіп, келушілерді сол әлемге еріксіз алып кететіндей ғажайып еді.

Затқа қарап сурет салатын робот, робот-мүсінші, бейне-арт, көптеген жұмыстар сол уақытта жасалып, жиналған халықты шығармашылық барысына еліктіретіндей дүниелер “өнер” деген сөздің мәнін аша түсті. Біздің өнер туралы бұған дейін көргеніміз бен кейінгіміз болып бөлініп кеткен іспетті.

Ал бүгінгі күні Astana Contemporary Art Center (Астана Замануи Өнер Орталығы) өз есігін көрермендерге қайтадан айқара ашып отыр. ЭКСПО кезінде көре алмаған, көрсе де қызығына тоймаған өнерге қызығатын жандар үшін таптырмас мүмкіндік. ЭКСПО-дан кейінгі көрме немен толығып, қандай бағытта жұмыс істеп тұрғанын неге өзімізге барып көрмеске?! Кіруі тегін бұл жер күнделікті сағат 10:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

EXPO айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

АЛАШПЫЗ БІЗ!

Авторы: 28.11.2017
Жоғары