Алматы облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

1866

Бүгін Алматы облысы активінің жиналысы барысында облыс әкімі Амандық Баталов жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарған Тұяқов Жеңіс Шылбынұлы тағайындалды.

Жеңіс Тұяқов – Алматы облысының тумасы, 1967 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша экономика және құқық институтын және Алматы мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған.

Тағайындалған облыс әкімінің орынбасары орталық және жергілікті атқарушы органдардағы басқару жұмысында мол тәжірибеге ие. Әртүрлі жылдары ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры болып жұмыс істеген, Қазақстанның бірнеше өңірінде энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық салаларында салалық құрылымдарды басқарған.

Сонымен қатар, энергетика саласындағы ұлттық компанияларда басшылық қызметтерді атқарған, соның ішінде Қазақстанның электр желілерін басқару компаниясының («KEGOC») басқарушы директоры болып жұмыс істеді.