Сырдағы сыршыл мұражай

1633
Сырдағы сыршыл мұражай ©Әлия Ережепова
Сырдағы сыршыл мұражай ©Әлия Ережепова

Сыр еліндегі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Журналистика мамандығы бойынша ІХ Республикалық пәндік олимпиада өтіп жатыр. Додаға келген болашақ журналистер университет мұражайын аралады. 80 жылдық тарихы бар оқу орынының мұражайында университетті әр жылдары басқарған басшылары мен профессор-оқытушылардың жетістіктері қойылған. Айта кетейік, 1937жылы Кореядан қуғынға ұшыраған корейліктер Қызылордаға бас сауғалаған. Кейін осында корейлердің ықпалымен институт құрылады. Арада 45 жылдан соң Жамбыл политехникалық институтының филиалы ретінде іргетасы қаланады. Уақыт өте келе Гоголь атындағы педагогикалық институтпен бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті деген жаңа атау беріледі.

Қазіргі таңда білім ордасы 9 мамандық бойынша Phd докторлары, 60 мамандық бойынша бакалавр, 47 мамандық бойынша магистранттарды білім нәрімен сусындатып отыр. Елімізге белгілі Еңбек Ері Абзал Ералиев, Риода өткен әлемдік олимпиада жеңімпазы Александр Зайчиков, белгілі журналист Ғалымжан Бәйімбет оқыған университет жетістігі мұнымен толастамақ емес. Сондай-ақ, дәстүрлі жырау Алмас Алматовта білім алған. Ол университетте алғаш дәстүрлі жырау мамандығын ашып, арнайы дәрістер де оқыды. Өңірімізге 1998 жылы іс сапармен келген Елбасы Н.Ә.Назарбаев универитет мұражайымен танысқан.Бүгінгі күні білім ордасының құрылғанына 80жыл. Журналистика мамандығының ашылғанына 20 жыл. Аталмыш мерейтойға орай ұйымдастырылған сайыс барысында жас журналистер білім бәсекесіне түсті.

Әлия Ережепова, Қызылорда