Алматыда мектеп оқушылары арасында «Жайдарман» чемпионатының ¼ финалдық ойындары өтеді

2281

Ағымдағы жылдың 19-20 сәуір күні «ҚазСТА» акт залында сағат 15;00-де Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында «Жайдарман» чемпионатының ¼ финалдық ойындары өтеді.  Барлығы 15 команда қатысып, оның ішінде 10 команда жартылай финалдық сайыстарға жолдама алатын болады.