ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЙДАРМАН ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

2579
Қызылорда облысының әкімдігі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай 2018 жылдың 28 маусым күні сағат 18.00-де Н.Бекежанов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы әкімінің жүлдесіне арналған «KIELI MEKEN — QYZYLORDA»атты халықаралық жайдарман фестивалі өткізіледі.
Шараға Түркіменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Түріктер мен Қарақалпақ елдерінен жайдарманшы командаларымен қатар өзге өңірлерден  «Апорт» құрамасы — Алматы қаласы, «Миллион» командасы – Түркістан облысы, «Юсуф Мироғұлының қарындастары» – Алматы қаласы, «Грант»құрамасы — Батыс Қазақстан облысы, «Бір үйдің балдары» — Байқоңыр қаласы, «Қызылорда» құрамасы — Қызылорда облысының командалары өнер көрсетуі жоспарлануда.
Жеңімпаз атанған командалар жүлделі І орын – 500 000 теңге, ІІ орын – 300 000 теңге, ІІІ орын – 150 000 теңге және «Үздік ойыншы» — 50 000 теңгелей сертификаттармен кубоктармен марапатталатын болады.