Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Тоғызқұмалақ. Тиімді тәсілдер.

Спорт

Тоғызқұмалақ. Тиімді тәсілдер.

Тоғызқұмалақ. Тиімді тәсілдер.

Қазақтың ұлттық ойындары жетерлік. Дене күшін қажет ететін “күрес”, “көкпар”, “қыз қуу” сынды  түрлерінен бөлек, ақыл ойды дамытатын түрлері де бар. Соның бірі- тоғызқұмалақ.

Бұл ойынды  ертеде шопандар жерді ойып ұяшықтарын жасап, қойдың құмалағымен ойнайтын болған. Сондықтан қазіргі күні  «көшпенділер ойыны» деп те аталып жүр.

Тоғызқұмалақ – тапқырлықты, аңғарымпаздықты талап етеді. Ойнау ережесі де өте жеңіл. Бірақ қарсыласыңызды  ұтып, жеңіске жету қиынырақ болуы мүмкін. Ендеше өзімді ауылда алдына қара салмаған тоғызқұмалақ жеңімпазы ретінде сезініп, кейбір кеңестеріммен бөлісейін.

  1. Бірінші жүру бақыты бұйырса алғашқы жүрісті екінші отаудағы құмалақтарды таратудан бастаған жөн. Әрине, өзге ұяшықтардағы құмалақтарды таратып бастасаңыз да қателеспейсіз, бірақ  тез арада тұздық құрып алу үшін осы тәсіл тиімдірек.
  2. Өзіңнің де, қарсыласыңның да тастары қай жерге келетіндігін санап отыру қажет. Көзбен.
  3. Бір ұяшыққа құмалақтарды көп жинамаңыз. Тек “қарсыласты атсыратамын”- деп өзіңізге сенімді болсаңыз ғана, көп құмалақты бір отауға жинауға болады, бірақ әрқашан құмалақтардың  тақ не жұп екендігін назардан шығармаңыз.  Және соңғы 7,8,9 –ұяшықтардағы құмалақтардың санының көп болмауына кеңес беремін.
  4. Тұздықты қарсыластың 1 – отауына құру. Себебі, өзіңіздің тоғызыншы астауыңыздағы тастарды біртіндеп тұздыққа сала бересіз. Нәтижесінде, қазандыққа да құмалақ жинала береді, өзіңіз де жүрісті көбейтіп, қарсыласты атсыратуға жағдай жасайсыз.

Бүгінгідей инновация дамыған заманда анда-санда болсын ойлау қабілетіңізді дамытатын нәрселермен айналысқан жөн. Себебі, есепті шешу үшін де  “калькулятордың”  көмегіне жүгінетініміз жасырын емес. Оның үстіне тоғызқұмалақ 4 жылда 1 рет өтетін зияткерлік Олимпада ойындарында ұйымдастырылып жүр.  Мүмкін сіз де  жеңімпаз болып қаларсыз.

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Спорт айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

АЛАШПЫЗ БІЗ!

Авторы: 28.11.2017
Жоғары