Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Соңғы жаңалық: Созылғыш әрі икемді сенсор

Соңғы жаңалық: Созылғыш әрі икемді сенсор

Ақылды сағат немесе өзге де құрылғылар басында қолдануға оңай болғанымен, олардың кішкентай ғана сенсорлық экраны үнемі ыңғайлы бола бермейді. Енді бұл мәселе шешімін тапты. Германиядағы Саара университетінің инженерлері тағып жүретін құрылғылар қатарына өздерінің жаңа туындысын қосты. Ол – бірегей созылғыш әрі икемді сенсор. Оның көмегімен кез келген құрылғыны басқаруға болады.

Оның көлемі өте шағын, түрі кішкентай бұршақ іспеттес, өзі қара резеңкеден жасалған. “Deform Wear” деген атқа ие болған бұл жаңалық кез келген гаджет немесе құрылғыға жалғанғанда сенсорлық экранның орнын басып, әлдеқайда ыңғайлы мүмкіндіктер сыйлайды. Оны батырма секілді басуға да, саусақпен белгілі бір жаққа қозғауға да болады. Әрбір осындай іс-қимылыңыз құрылғыға әсер етіп отырады. Ал ол өз кезегінде кез келген техниканы басқаруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда оның жүзік, білезік, ілмек түріндегі формалары шықты. Енді неміс инженерлеры оның саусаққа жабысқан күйінде ғана жұмыс жасай алатын түрін ойлап табуға көшкен. Қысқаша бұл – қолданбалы электротехниканың басқару пульті. Технологиялық тұрғысынан қарайтын болсақ, оның ортасында жарық диоды орналасса, негізінде төрт фото диодынан құралған.

Оны инженерлер тек ақылды сағатқа емес, видео ойындарға да сынап көрді. Оның үстіне ақылды телевизорды да енді пультсіз тек жүзік, білезік немесе ілгектегі бір ғана кішкентай сенсорлық батырма арқылы басқаратын боласыз. Видеода ғалымдардың соңғы жаңалығы болып табылатын сенсордың қалай жұмыс істейтіні көре аласыз.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Технология айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары