Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

27 қыркүйек – GOOGLE іздеуші сервисінің туған күні

Технология

27 қыркүйек – GOOGLE іздеуші сервисінің туған күні

27 қыркүйек – GOOGLE іздеуші сервисінің туған күні

«21 ғасырда ақымақ болу – ақымақтық»

Бұл сөз әлемге әйгілі данышпандардың афоризмі секілді ме? Иә, ұқсайды. Дегенмен, қандай данышпан мұндай ақымақ сөзді айтуы мүмкін? Бірақ, біздің сүйікті смартфондарымызда  ең танымал  іздеуші сервис GOOGLE бар емес пе?!  Жастар арасында «гугл ата, гугл әже» сынды атауларға ие болған сервистің көмегіне жүгінгендердің ақымақ болуы екі талай.

Google іздеуші сервисін Стэнфорд университеті студенттері Ларри Пейдж бен Сергей Брин жасаған. Студенттік жоба жұмысы болған идея негізінде 1998 жылы Google пайда болды. Шын мәнінде Google корпорациясы 1998 жылдың 2 қыркүйегінде құрылған, алайда Google.com домені 1997 жылдың 15 қыркүйегінде ашылып қойған еді. 1998 жылдың 7 қыркүйегінде Google заңды тұлға ретінде тіркелген екен. Ал 10 қыркүйек жалпы “Іздеу күні” болып табылады. 2005 жылдан бастап Гуглдықтар өз туған күнін 7 қыркүйек деп белгіледі, бірақ бір жыл өткеннен кейін олар ресми түрде 27 қыркүйекті Google-дың туған күні деп тағайындады. Бірақ неліктен 27 қыркүйек? Бұл сұраққа бірнеше жауап бар. Бірінші нұсқа бойынша, 2002 жылдың 27 қыркүйегінде Google-дың басты парақшасында алғаш рет туған күндік торт бейнесі пайда болған деп есептеледі. Ал екінші нұсқа бойынша 2005 жылы Yahoo! іздеу сервисі Google-дың жұмыс көлемі олардан екі есе аз екенін айтыпты. Google Yahoo!-ға ресми жауабында нақты статистикасын көрсетіп, оның жұмыс көлемі кез келген іздеуші сервисінен 3 есе артық екенін дәлелдеп берді. Осыған орай сол жылы туған күн екі рет тойланып, артынан солай қалыптасып кетті деседі. Ал Google-дың атауы 10-ның 100 дәрежесі болатын Googol сөзінің бұрмалану нәтижесінде пайда болған.

Міне, бүгінде әлемнің 160 елінің 4,5 миллиард тұрғыны гугл сервисін қолданады. Бүгінгі туған күнге арнайы дудл-тосынсыйы да әзірленген. Яғни, осы дудлды шертіп, соңғы 19 жылдың көлемінде GOOGLE өз қолданушыларына ұсынған 19 ойын түрімен таныса аласыз.

 

дереккөзі: Massaget.kz

 

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Технология айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары