Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Подкастинг туралы білесіз бе?

Технология

Подкастинг туралы білесіз бе?

Подкастинг туралы білесіз бе?

Бүгінде біз өмір сүретін ортаның адамдары сәт сайын өздерін дамытуда. Мотивациялық кітаптар оқу, өз кәсібіңді дөңгелету, шет тілдерін меңгеру қазір – трендте. Ал трендтен қалу кімге болса да тиімсіз. Замандас құрбы-құрдастың бәрі “жұрттан қалмайық” деп тырмысып жатыр. Әрине, ол үшін 24 сағаттың әр минутын жоспарлау керек.

Ауызы мұрнынан шыққалы тұрған қоғамдық көліктерде, үй шаруасымен айналысқанда, жүгіргенде өзіңізді қалай дамытасыз? Осы сәтте бізге “подкастинг” термині көмекке келеді.

Подкастинг” түсінігі өз ойын сөйлетуді жөн көрген британдық блогер Том Лейнард есімімен тығыз байланысты. Оқырманға он мың сөзден тұратын ұзын-сонар мәтіннен гөрі, кез келген ыңғайлы сәтте тыңдауға мүмкіндік туғызған қосымша. Алғашында подкасттар дыбыстық форматта жазылып, APPLE өнімдерінде ғана қолданылды. Технологияның қарыштап дамуы барысында видеоподкасттар пайда болды. Бүгінде ақпараттық порталдар да подкаст қосымшасын іске қосқан. Баспасөз беттерінде жарияланған үздік материалдарды аудиоподкаст арқылы тыңдауға болады.

Аудиоподкасттың ерекшелігі неде?

· Эмоцияны еркін жеткізуге болады. Жеке блоглатформасы бар блоггерлердің жазбасы жүректерге жетпей жатады. Эмоциясыз жазылған өлі жазбаны оқуға құлшыныс та жоқ. Осындайда аудиоблогердің ұпайы жоғары. Еркін эмоция, жағымды дауыспен тыңдарманды жаулап алу оңай.

Журналист немесе блоггер болмасаңыз да аудиоподкаст аккаунтыңызды ашқан жөн болар. Үнемі не туралы айта беремін десеңіз, алаңдамаңыз. Тілі енді шыққан кішкентайыңыздан бастап, жақындарыңыздың дауысын басып аласыз.

ПОДКАСТТЫ қалай құрамыз?

1. Өзіңізге және өзгеге қызықты; жілігін шағып, майын ішкен; аудиторияға қажетті тақырыпты таңдаңыз.

2. Эпизодттар кестесін бекітіңіз. Аптасына/айына қанша эпизод жазатыныңызды анықтаңыз.

3. Қоғам үшін қызықты тұлғаларды қонаққа шақырыңыз. Өзіңіз сұрақ қойып, жауап беріп жазылған эпизодтар тыңдарманды жалықтырмау үшін, спикерлерден сұқбат алып тұрыңыз.

4. Аудио жазу үшін:

– iOS/Android смартфондарындағы диктофонға дыбыс жазу.

– аудиоредактор Audacity арқылы монтаждау.

5. Дизайнын жасап, МР3 форматындағы аудиоңызды iTunes, Tunein, Podster, PodFM, RPod т.б. жариялаңыз.

Егер тәжірибелі аудиоблогер болсаңыз табыс табуыңыз да ғажап емес.

Сізді подкастинг терминімен таныстырып, қазақ тіліндегі керемет аудиоподкасттан хабардар етпегенім ұят болар. Аудиоподкаст туралы білгенде “Кімді тыңдауға болады?”,- деген сұрақ туындаған болар. Олай болса, мархабат!

Талшын есімді қыз біраз уақыт бұрын мотивация, жеке дамуға қатысты “Тамаша жыл” аудиоподкастын құрған болатын.

Бүгінгі күнге дейін 70 эпизоды тыңдарман жүрегіне жетті. Жылды жоспарсыз, уақытты қалай болса солай өткізбейтін ортамен таныс болғыңыз келсе, дәл қазір аудиоподкаст қосымшасын  жүктеңіз.

Егер телефоныңыз Iphone болса, онда телефоныңызда подкаст деген күлгін түсті қосымша болу керек. Ол барлық Iphone телефондарында міндетті түрде болады. Ал егер ұялы телефоныңыз Андроид болса, Google Play Market дүкенінен «Подкаст» деп жазып, кез келген тегін қосымшаны жазып алыңыз. Қосымшаға кіргеннен кейін «Тамаша жыл» деп шығады. Ары қарай Жазылу/Подписаться/ Subscribe батырмасын басыңыз.

Өзге түгілі өзіңді ойлауға ойлауға уақытың жетпейтін заман емес пе? Соған қарамастан Талшын өз тыңдармандарының ықылас-ниеті үшін  қызықты подкаст жазуға барын салады. Әсіресе, соңғы жазғандары өте-мөте қызықты.

Өлең болсын, шығарма болсын, тіпті менің подкасттарым болсын : өте креативті процесс. Және оларды жазу процесім — менің ең бақытты сәттерім. Креативті ойлау статусына өту үшін біраз уақыт кетеді, алайда ішіне кіріп кеткен соң мені алып шығу сондай қиын. Мен өзімнің кім екенімді ұмытамын, мен уақыттың қашан және қалай өтіп кеткенін байқамай қаламын.

Қазақстанға келгеннен өзімнің бойымнан бір жаман қасиет байқап жүрмін. Сондай жаман қасиет. Ол қасиет тек менде емес, бүкіл қаланы жаулап алғандай. Барлық ғимараттардың ішінен өрмекшінің торындай өрілген. Әрбір заттың үстінде, адамдардың киімінде, есіктің тұтқасында, шаңырақтың үстінде. Тіпті әрбір адамның екі иығына отырып алғандай! Қорқынышты! 

Өмірге деген құлшынысыңызды арттырғыңыз келсе, тезірек “Тамаша жыл” аудиоподкастын тыңдаңыздар 🙂

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Технология айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

БӘРІ ЖАЛҒАН

Авторы: 25.12.2017

Ауылдағы анама

Авторы: 25.12.2017
Жоғары