Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

ХХІ ғасырда салынған таңғажайып қалалар

Туризм

ХХІ ғасырда салынған таңғажайып қалалар

Бәрі көруге асығатын, ғашық еткен, тамсандырған қалалар тек өткен ғасырдың сыйлығы емес. ХХІ ғасырда да таң қалатын, таңдай қақтыратын қалалар салынған. Сондай қалалардың көшін корейлік Сонгдо бастайды.

Сонгдо, Оңтүстік Корей мемлекеті

Сеулден 65 км қашықтықта орналасқан Сонгдо — тарихтағы алғашқы ақылды қала. Қала 2002 жылы заманауи технологиялардың қала өміріне әсерін байқау жобасы негізінде салынған.

Алғашында Сонгдо қаласының бас жоспары мен концепциясы қаланы адам өмірі мен бизнес үшін барынша ыңғайлы ету мақсатында құрылған. Бұл мекенде парктар мен аллеялар, велосипед жолдары, электромобилдерге арналған қуат станциялары көп.

Сонгдо — болашақтың қаласы. Оның әрбір тұрғыны қаланың барлық жағдайын пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы карталармен қамтылған. Ондай «кереметтер» қатарына: тегін транспорт, интернет, магазиндер мен ойын-сауық орталықтарын аралау, қоғамдық велосипедтерді қолдану кіреді.

Сонымен қатар, қалада қоқыстарды жедел жинау, ақылды су құбырлар желісі, электр энергиясы мен жылудың ақылды жұмсалуы сияқты 8 инноваиялық жоба іске қосылған.

Корей Республикасының үкіметі Сонгдо қаласын ашық экономикалық аймақ ретінде жариялаған. Қалаға жақын маңда әлемдік корпорациялардың жергілікті офистері орналасқан халықаралық Инчхон әуежайы бар. Бұл да қаланың бизнеске қолайлы жер екенін көрсетеді.

Олимпиадалық қалашықтар, Ресей

2014 жылдың ақпан айында Ресей қысқы олимпиада ойындарын өткізген болатын. Бұл ойындар алғаш рет субтроиктік климатты қала Сочиде өтті. Бұл ауқымды халықаралық шара үшін су жаңа объектер, тіпті жаңа қалашықтар салынды.

Сочидің таулы бөлігінде әр түрлі биіктікте орналасқан бірнеше жаңа ауыл салынған. Олардың ішіндегі ең ірі әрі ең танымалдары: Роза-Хутор, Горки Город және Горки Город 540.

Аталған аймақтар инвестициялық жоба ретінде ресейлік бизнесмендердің тапсырысымен инвестициялық жоба ретінде салынған. Әрқайсысының жыл бойына демалып, өмір сүруге мүмкіндік беретін өзіндік инфрақұрылымы бар. Бұл қалаларға Сочи мен Адлерден арнайы салынған теміржол желісі мен автобустармен баруға болады.

Дегенмен, олимпиада ойындары бітуімен қалаға келушілер саны да азайды. Шаңғы маусымы басталғанда ғана қала өмірі қайтадан жандана түседі.

Нейпьидо, Мьянма

Жаңа ғасырдың басында Мьянма (Бирма) үкіметі мемлекет астанасы Янгон қаласының астрологиялық тұрғыдан дұрыс емес жерде орналасуы мемлекеттің дауына кері сер береді деген ойға келген. Содан кейін үкімет пен басқа да мемлекеттік органдарды көшіру жоспары қолға алынады. Астрологтар «ыңғайлы» деп таныған орында 2002 жылы жаңа қаланы құру жұмыстары басталады.

Астананың Нейпьидо қаласына көшуі 2006 жылы басталып, 2008 жылы аяқталған. Жаңа қала жаңа түрғындарымен тез толыққан. Қазіргі кезде тұрғындар саны миллионнан асады.

Нейпьидо әлемнің барлық қаласымен жалғасқан азиялық ірі саяси, экономикалық, мәдени орталыққа айналды.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Туризм айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары