Адасқан қалалармен танысу

3136

XVIII ғасырдан бастап жүргізілген зерттеулер ғалымдарды бірнеше «адасқан қалаға» тап қылды. Қалалардың уақыттан адасуына бос қалуы, климаттың өзгеруі, жаппай кісі өлтірілу мен табиғи апаттар себеп болған дейді. Алайда, қазір бұл қалалар танымал туристік мекенге айналып үлгерген. Олай болса, баруға міндетті орындар қатарына қосылар «адасқан қалалармен» танысайық.

Үлкен Зимбабве (Great Zimbabwe)

Үлкен Зимбабвені тастар үйінділерінен банту халқы ХІ ғасырда салған. Қаланың дамыған кезінде 18 000 тұрғыны болған. Бірақ, саясат пен сауданың тұрақсыздығы, климаттың жайсыздығы салдарынан халқы бұл мекеннен көшіп кетуге бел буған және көшіп те кеткен.

Хатра (Hatra)

Парфян империясының үлкен қорғанды Хатра қаласы римдіктердің бірнеше шабуылына биік, қалың қабырғалы ғимараттарының арқасында төтеп берді. Географиялық орналасуы өте қолайлы болғандықтан, бұл жерде түрлі мәдениет пен архитектура тоғысқан. Сонымен қатар, Хатра діни орталық та болған. Сарай-шіркеулі кешендері үшін «Құдай үйі» деген бейресми аты болған. 241 жылы парсылық көшбасшы Шапур жаулап алып, кейін қаланы біржола құлатқан. Хатраға барам десеңіз, қазіргі Иран мемлекетінен таба аласыз.

Санчи (Sanchi)

Бұл қаланың құрылуына мыңдаған жылдар кеткен. Қаланы ІІІ ғасырда салып бастаса да, ХІІІ ғасырға дейін жалғасыпты. Қаланың құлауы Үндістанда буддизмнің жоғалу тұсына келеді. Алайда, 1818 жылы британиялық шеңді қаланы қайта тұрғызады. Қазір Санчи Үндістанның Мадхья-Прадеш шататында.

Хаттуса (Hattusa)

Хаттуса қаласы ХVІІ ғасырда Хетт патшалығының астанасы болған. 1200 жылдары күміс дәуірінің құлдырауында қаладан 40-50 мыңға жуық халық көшіп кеткен. Содан кейін қала өмірін ХХ ғасырда қайта жалғастырады.

Чан-Чан (Chan Chan)

Колумбия Америкасының ең ірі қаласы Чан-Чан ғимараттары арабеск оюларымен әшекейленген алып шахар. Сонымен қатар, бұл қала саман кірпіштен түрғызылған үйлері себебінен саманды қала атанып кеткен. Біздің заманымыздың 850 жылы Чиму халқы тұрғызған қаланы 1470 жылы Инка империясы басып алады.

Меса-Верде (Mesa Verde)

Меса-Верде қаласы Колорадоның оңтүстік батысында орналасқан. Алғашында ежелгі Анасази тайпасы үйлерін үңгірлерідің үстіндегі жартастарға салып, қаланың негізін құрған. Бірақ, 1300 жылы белгісіз себептермен қаладан кетіп қалса да, үйінділері әлі күнге дейін қаз-қалпында сақталған.

Персеполь (Persepolis)

Парсы империясының астанасы хәм салтанатты орталығы Персеполь қаласы ерекше көркемдігімен танымал болған. Қаланың дәуірлеген кезінде өнер туыныдыларын тамашалап, рухани демалатын мекенді Ұлы Александр Парсы империясын жаулап аламын деген ниетпен 331 жылы түгелімен өртеп жіберген.