Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Әлемдегі ерекше қалалар

Туризм

Әлемдегі ерекше қалалар

Әлемдегі ерекше қалалар

Сіз әлемде бір ғана түрғыны бар қаланың барын білетін бе едіңіз? Немесе қасиетті Граальдің қай қалада сақталғанынан хабарыңыз бар ма? Ендеше, әлемдегі ерекше қалалармен танысайық!

Slab City

Тізімді Калифорниядағы кішкентай қалашықтан бастайық. Бұл қаланың ерекшелігі – тұрғын үйлердің жоқтығы. Тұрғындар бірыңғай «керуендерде», яғни, автоүйлерде өмір сүреді. Сол үшін де, Slab City трейлерлер қаласы атанып кеткен. Тұрғындардың ерекше таңдауының себебі – қаржы. Тұрғындар жеке тұрғын үйлерге шамалары жетпеген соң, осындай қалыптағы өмірге көшкен. Сондықтан, қаладан хиппилер мен суретшілерді көптеп кездестіре аласыз. Қалашық Америкадағы заңның күші жүрмейтін соңғы қалалардың біріне айналған. Заңмен қоса, бұл қалада су құбырлары мен электр жарығы да жоқ.

Monowi

Американың Небраска қаласы бұл тізімнен жалғыз тұрғыны болғаны үшін орын алды. Monowi – Элси Эйлер атты тұрғыны бар «біртүрлі» қала. Қалада кішкентай дүңгіршік пен кітапхана бар. Олар, әлбетте, Элси ханымның қарауында.

Thames Town

Бір қарағанда айтарлықтай ерекшелігі жоқ, машиналарға толы, қызыл дүңгіршікті ағылшын қаласы болып табылатын Thames Town-ның ерекшелігі де оның ағылшын қаласы болғанында. Бірақ, қала Қытайдың Шанхай қаласының бір шетінде орналасқан.

Longyearbyen

Норвегияның кішкентай қаласы. 1800 адамдық қаладағы жұмыс көзі – көмір өндіру. Поляр аюлары қала көшелерінде емін-еркін жүре береді. Өйткені, олар бұл қаланың ескі тұрғындары, ал адамдар – қонақтар. Жоқ, менің айтқым келген ерекшелік бұл емес. Қалада қайтыс болған адамдарды жерлеуге рұқсат етпейді. Бұл – заң және ерекшелік те осында. Бұған себепті климатпен байланыстырады. Қаладағы перманент салқын температура әсерінен дене жерге бейімделмейді екен.

Сетениль-де-лас-Бодегас

Испания оңтүстігіндегі қала. Қалада ақ түс ерекше көп. Дегенмен, басты ерекшелік қаланың жоғары бөлігіндегі жартаста. Аспанға қарағаныңызда, тау сізге құлап келе жатқандай әсер береді. Сетенильді халық тау қаласы деп те атайды. Қала бірнеше миллион жылдық базальт таулардың үстінде салынған.

Бөлісу:

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Туризм айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары