Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Зимбабве туралы не білесіз?

Туризм

Зимбабве туралы не білесіз?

Зимбабве туралы не білесіз?

Африка елдерінің арасында тәуелсіздігін ең кеш алған мемлекет – Зимбабведе саяси оқиға болып жатыр. Елді 37 жыл басқарған Роберт  Мугаве  биліктен бейбіт жолмен кететіндігін айтқан. Оның орнына бүгіннен бастап елдің вице-президенті «қолтырауын» деген лақап атқа ие Эммерсон Мнангагва келді.

«Америка саясатының атасы» атанған Мугавеның биліктен кетуінің басты себебі, мемлекет экономикасының төмендеп кетуі. Мемлекеттің  қайыршыланған жағдайына  қарамастан, президенттің жары Грейстің байлыққа қызыққан  ашкөздігі елдің  ызасын тудырады.   Халық 93 жасқа келген президенттің орнына жары Грейс Мугаве билікке  келеді деп қорыққандықтан, саяси шеруге шығып, басшының өз еркімен биліктен кетуін талап еткен. Ойлағандары орындалған Зимбабвеліктер мемлекет астанасы Харареде қуаныштарын  тойлады.

Айтпақшы, Зимбабве Англияның  құрамында болып, тәуелсіздігін алғанға дейін Африка елдерінің ішіндегі ең дамыған мемлекеттің  бірі болатын.  Және мемлекеттің  одан өзге де таңғалдыратын ерекшеліктері көп. Оқып көріңіз.

  1.  Елдің алғашқы президентінің есімі – Канаан Банана. Және ол 1982 жылы мемлекетте бананға қатысты әзіл айтуға тыйым салып, заң қабылдайды.
  2. 2009 жылдан бастап мемлекеттің ұлттық валютасы – доллар.
  3. Зимбабведе жыл сайын ең ұсқынсыз ер адамдар арасында  конкурс өтеді. Жеңімпазға  500 доллар  көлемінде сыйақы беріледі екен.
  4. Мемлекет халқының 80%-ы жұмыссыз. Әрбір бес адамның біреуінің ғана тұрақты жұмысы бар.
  5. Жаһанға белгілі Виктория сарқырамасы Зимбабве мен Замбия мемлекеттерінің шекарасында орналасқан.
  6. Халқының жасының орташа ұзақтығы – 40 жас.
  7. Мемлекеттің ұлттық асханалары көкөніс пен жеміс-жидек түрлерін мүлде пайдаланбайды. Есесіне қолтырауын етінен жасалған тағамдар сұранысқа ие.
Бөлісу:
3 пікір

3 пікір

  1. Мен

    24.11.2017 at 17:58

    Мемлекет халқының 80%-ы жұмыссыз. Әрбір бес адамның біреуінің ғана тұрақты жұмысы бар… ужссс

  2. Gulbaram

    24.11.2017 at 22:48

    Жарайсыз! Сіздің мақалаларыңыз қатты ұнайды! Сізден құнды ақпараттар күтіп отырамын! Сәттілік!! !

  3. Nurdana

    24.11.2017 at 22:49

    Керемееет!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Туризм айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

АЛАШПЫЗ БІЗ!

Авторы: 28.11.2017
Жоғары