Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пойыздың ұшақтан қандай артықшылығы бар?

Туризм

Пойыздың ұшақтан қандай артықшылығы бар?

Пойыздың ұшақтан қандай артықшылығы бар?

Қыркүйектің 26-сы болса да, жаз жайлы айтар әңгімеміз әлі таусылар емес. Үш ай бойы көріспеген достар бір-біріне жазғы демалыстарын жыр қып айтып жүргені анық. Дегенмен, әлеуметтік желі белсенділеріне оның қажеті шамалы. Әр басқан қадамын инстаәлемге жүктеп отыратындардың өмірі өзгеге құпия болмас. Жә, бүгінгі айтайын дегенім бұл емес. Жазғы демалысты туған жерден жырақта өткіздім. Сондықтан, сабақ басталуына бір апта қалғанда ауылға билет алдым. Шырайлы қалаға 1 сағат 30 минуттың ішінде ұшып барайын деп ұшақты таңдадым. Ал, қайтарға пойызды жөн деп таптым. Қалаған мекеніңе өз қанатыңмен ұшқандай сезім сыйлайтын ұшақтан гөрі пойыздың артық екенін білесіз бе. Ендеше, пойыздың ұшақтан артықшылығын айтып берейін.

Таныс табасың

Пойыз ішіндегі атмосфера өзгеше. Бірі басқа қалаға жаңа өмір бастауға жол тартқан, бірі сүйікті отбасымен табысуға асыққан жолаушылар.  Орындарына жайғасып болған соң, жолды қысқартайық деп әңгіме айтуға сұхбаттас іздеп кететін белсенділер де бар. Саяхаттауға шыққандар қызықты лайфхактарымен бөлісіп, пойыздағы таныстық жақсы достыққа ұласып жатады. Айтпақшы, сіздің екінші жартыңыз дәл сіздің жаныңызда отыруы мүмкін.

Өзгермейтін кесте

Яғни, ұшақтың әркез уақытында ұшуы екі талай. Ауа-райына тәуелді болғандықтан бағытты, уақытты өзгертуге тура келеді. Ал, пойыздың 45 минутқа кешігіп келе жатса да, бағыт алған мекенге уақытысында жету ықтималдығы жоғары.

Қызықты саяхат

Сіздің аяқ киіміңіздің ізі қанша қалада қалған? Бұл дегенім пойызбен мемлекеттен мемлекетке қатынаған кезде әлемнің тіршілігімен таныса аласыз. Ірі мегаполистерде 30-40 минуттай тоқтайтынын есептесек, өзіңіз үшін жұмбақ болған қаланың ауасымен тыныстап,  тұрғындарымен танысуға мүмкіндік көп.

 

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...
1 пікір

1 пікір

  1. Нұршырақ

    27.09.2017 at 15:42

    Қаламың ұштала берсін!!! Шығармашылық табыс тілеймін!!!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Туризм айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

БӘРІ ЖАЛҒАН

Авторы: 25.12.2017

Ауылдағы анама

Авторы: 25.12.2017

АЛАШПЫЗ БІЗ!

Авторы: 28.11.2017
Жоғары