Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Күзде қай елде демалған дұрыс? (жалғасы)

Аударма

Күзде қай елде демалған дұрыс? (жалғасы)

Күзде қай елде демалған дұрыс? (жалғасы)

Жаздың жайма шуақ күндерінде демалып үлгермей қалсаңыз еш уайымдамаңыз! Біз сіздер үшін күзде саяхат жасауға ыңғайлы елдер тізімін жасадық. Басы алдыңғы жазбада.

Болгария

Болгарияға күздің жылы кездерінде барған жақсы. Соған сәйкес демалыстың сапасы мен бағасы да бұл уақытта көңілге қонымды болады.  Ауа температурасы жылы, 25 С°. Бұл маусымда спа-бағдарламалардың құны басқа кездермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Жағажайдағы демалыстан бөлек мында экскурсиялық бағдарламалар жақсы дамыған. Тауға шығуға немесе атпен серуендеуге болады.

Күз – Болгариядағы кәріптас түсті жүзімнің пісіп жетілетін уақыты болғандықтан, мұндағы күзгі саяхатыңыз кезінде жас шараптан дәм тату мүмкіндігіңіз көп.

Чехия

Чехия – жылдың кез келген мезгілінде саяхаттауға болатын елдердің бірі. Әсіресе қыркүйекте бұл жақта демалған жақсы. Жазғы ыстықтың кетіп, күзгі жаңбырлар маусымының басталмаған уақыты осы кез. Өзіңізбен бірге жеңіл нәрселермен қатар жылы киімдерді көбірек алып, демалысқа алдын-ала дайындалғаныңыз дұрыс. Өйткені Чехияда қыркүйек күндіз ерекше жылы, кешке салқын айлардың бірі. Осы уақытта қала ішінде серуен жасап, елдің тарихымен танысып, ортағасырлық үйлер мен қорғандарға экскурсия жасауға болады. Ал кешкі уақытты бір шиша чех сырасымен қаланың танымал бар-пабтарында өткізу мүмкіндігіңіз бар.

Египет

Күз – Египеттегі демалыстың ең танымал уақыты. Қол күйдіретін ыстық қыркүйектің ортасына қарай кетіп, ауа температурасы 30 С°-тан жоғары болмайды, ал теңіз суы ерекше жылы болады. Жолдамаға деген сұраныс күз айларында жоғарылайтындықтан алдын-ала қамданған жөн. Оған қоса күзде Египетке жолдама сәл қымбаттайды.

Қазан айы бұл жақта өте ерекше. Теңізден соққан жел кейде алдамшы салқындық әсерін береді, бірақ бұл күн суиды деген сөз емес. Әлі де теңіз жағасында жатып, күнге күюге болады. Осы уақытта Египетте демалсаңыз міндетті түрде сөмкеңізге күннен қорғайтын кремді сала жүріңіз, бас киімді де ұмытпаңыз.

Қарашада жазғы күннің ыстықтығына байланысты өтпейтін экскурсияларға бару мүмкіндігі бар. Бұл уақытта елдің бай архитектуралық және тарихи ескерткіштерімен таныстыратын танымдық турлар көбейеді. Айдың ортасына дейін теңіз суы жылы болып, туристер саны одан сайын арта түседі.

Вьетнам

Вьетнамдағы демалысқа ыңғайлы ауа райы қазанның ортасына дейін сақталады. Бұл уақытта қысқамерзімді жаңбыр жауып, одан кейін ауа температурасы  25 С жылы болады. Қыркүйекте мұнда өнім мерекесі ұйымдастырылады. Кешке тұрғындар көшеге шығып, ән салып, би билеп, аспанға жарық шамдарын ұшырады.

Қыркүйек – Фантьета және Фукуока жағажайларының аса танымал болатын кезі. Жылы ауа райы мен жағымды теңіз суынан ләззат алып, құмда жатып күнге күйетін нағыз уақыт. Қазан – Вьетнамдағы мерекеге бай айлардың бірі. Хайфондағы бұқалар сайысы, Кеодайы ауа райы, Бак Кьел храмы және ұлттық әндер фестивалі сізге зерігуге мүмкіндік бермейді.

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Аударма айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары