«Әлеуметтік желі психологиясы» тақырыбындағы курсқа тіркелу

Құрметті, тіркелушілер!

Бұл курс — Қызылорда қаласы әкімшілігінің қолдауымен «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған «Әлеуметтік желі психологиясы» тақырыбындағы апталық оқыту-курсы.

Курста «Блог және блоггинг» (әлеуметтік желілер мен ақпараттық қауіпсіздік туралы оқытулар), «Жазу мәнері» (сауатты, жеңіл жазу, тақырып таңдау, т.б), «Жаңа медиа технологиялары» (SMM, Фактчекинг, т.б.) оқытылады. 

Курс 1-6 және 8-13 қазан аралығында екі рет өтеді. Курс соңында аталмыш тақырыпта «Қызылорда интернет форумы» өтіп, курсқа қатысушыларға сертификат беріледі.

Тренерлері:

  • Саясат Идеятұлы
  • Нұрлан Жанай

Қатысу талаптары:

  • Тек қана Қызылорда облысының тұрғыны болуы;
  • Төмендегі форманы толтыру — ақпараттармен қатар, курсқа не үшін қатысқысы келетіні туралы 30 сөзден кем емес көлемде эссе жазу;