Ұлттық тасымалдаушы халықтың сұранысын ескере отырып, 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап әйелдерге арналған вагондары бар пойыздардың санын көбейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Жоба пилоттық режимде әйелдерга арналған вагондар тағы:

1) № 45/46 «Павлодар-Шымкент»;

2) № 85/86 «Нұр-Сұлтан-1-Шымкент»;

3) № 37/38 «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Семей»;

4) № 47/48 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол-Атырау»;

5) № 379/380 «Алматы-2-Орал»;

6) № 73/74 «Алматы-2-Жезқазған» бағыттары бойынша жүретін жолаушылар пойызында жұмыс істейді.

Интернет-сайттарда және билет кассаларында әйелдер вагондарына теміржол билеттерін ресімдеген кезде жолаушылар мұқият болып, шартты белгілерге назар аударуы тиіс.

Әйелдер вагондарына ертіп жүретін адам болған кезде 7 жасқа дейінгі еркек жынысты балаларды ресімдеуге де жол беріледі. Жол жүру барысында сұрақтар туындаған кезде жолаушылар өз вагонының жолсерігіне немесе пойыз бастығына жүгіне алады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында клиентке бағдарлану және сервис деңгейін арттыру үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ №77/78 «Алматы – Маңғыстау» және №351/352 «Алматы – 1-Өскемен» жолаушылар пойыздарында әйелдер вагондарында жол жүру қызметін іске қосты.

«Жоба іске қосылған сәттен бастап, 2021 жылғы 10 қазан мен 31 желтоқсан аралығында бұл қызметті 13243 әйел жолаушы пайдаланған»,-делінген хабарламада.