Қаңтар оқиғасы кезінде біздің елге ҰҚШҰ әскерінің кіргізілуі отандық күштік құрылымдардың масқараға ұшырағанын білдіреді. Бұл туралы экс-мәжілісімен, қоғам белсендісі Тәңірберген Бердіоңғаров мәлімдеді.

Ол өз пікірін Есен Елеукеннің «Yesti Podcast» жобасында айтты.

«Біздің күштік құрылымдардағы әрекетсіздік пен сатқындықтар  – мен үшін де, жалпы қазақстандықтар үшін де тарихымыздағы масқаралық пен қайғылы қара дақ болып қала береді» – дейді қоғам белсендісі.