Қаңтар оқиғасы кезінде біздің елге ҰҚШҰ әскерінің кіргізілуі отандық күштік құрылымдардың масқараға ұшырағанын білдіреді. Бұл туралы экс-мәжілісімен, қоғам белсендісі Тәңірберген Бердіоңғаров мәлімдеді.
Ол өз пікірін Есен Елеукеннің «Yesti Podcast» жобасында айтты.
«Біздің күштік құрылымдардағы әрекетсіздік пен сатқындықтар — мен үшін де, жалпы қазақстандықтар үшін де тарихымыздағы масқаралық пен қайғылы қара дақ болып қала береді» — дейді қоғам белсендісі.