Суббота, 21 декабря, 2024
No menu items!

Жұмысшы мамандықтарға оқытылады

Басқа ақпараттар

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде Алматы облысында биылғы жаңа оқу жылында колледждерге 1535 білім алушы қабылданатын болады. Оқуға қабылдануға үміткерлер тізімін жергілікті жерлерде арнайы құрылған мобильдік топтар анықтауда. Бүгінгі күнге жұмысшы мамандықтарды дайындау бойынша 43 мамандықтың тізбесі әзірленіп, колледждер тізімі бекітілген.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру колледждеріне биылғы жаңа оқу жылында жалпы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде облыстық бюджет есебінен 5600-ден астам адам қабылдау жоспарланып отыр. Соның 4500-ге жуығы жұмысшы мамандықтар бойынша оқытылатын болады. Колледждерде техникалық және технологиялық, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қызмет көрсету салалары бойынша және басқа да бағытта мамандар даярланбақ.

Сонымен қатар бірқатар колледждерде жаңа мамандықтар ашылды. Мәселен, олардың қатарында «Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесары», «Слесарь – вагондарды құраушы», «Ашыту процесінің операторы», «Сызушы», «Көкөніс тұздаушы», «Қаймағы алынбаған және ашымалы сүт өнімдерін жасау шебері» және басқа да бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие бірқатар мамандықтар бар. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 90,2 млн. теңге бөлініп отыр. 

Соңғы жарияланымдар

Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Басқарушы директоры қызметіне Қайсар Рауфовұлы Бекенов тағайындалды. Қайсар Бекенов 1986 жылы 20 наурызда дүниеге келген. 2013-2019...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз