Қазақстан студенттерінің Альянсы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының негізінде игі жобаларды жүзеге асыруда.
Әлеуметтік жоба аясында студенттік жатақханаларда әлеуметтік мәселелерді анықтау, олардың жағдайы мен студенттердің өміріне қолайлы жағдай жасау сапасын арттыру мақсатында «Студенттер үйі 2.0» республикалық акциясы өткізіліп келеді.
«Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы — 2005 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қолдауымен құрылған еліміздің ең ірі студенттік қозғалысы. «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» бағытындағы ҮЕҰ мемлекеттік сыйлығының жеңімпазы. Қазақстан студенттері Альянсының өңірлік филиалдары барлық 14 облыста және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейді.
Студенттік үйлердің жалпы мониторингін жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан қыркүйек айына дейін studunion.kz сайты мен Қазақстан студенттері Альянсының Instagram-дағы @qsa_ask ресми аккаунтында студенттік жатақханаларда тұратын студенттер үшін онлайн-сауалнама өткізілуде.
Осы орайда, еліміздің барлық студенттерін белсенділік танытып, studunion.kz сайты мен Қазақстан студенттері Альянсының Instagram-дағы @qsa_ask ресми аккаунтында келесі сілтемелер арқылы әлеуметтік сауалнамадағы сұрақтарға жауап беруге шақырамыз:
- http://studunion.kz/ru/for-students/polls/;
- https://l.instagram.com/?u=https%3A%2F%2Fforms.gle%2F6mwPjbEtdhhfZPMo7&e=ATMnJ8knyeqRgvoRoHYVZQNZSODQa6jKGtkjh1l3qUKAn1DbkvKmERt_xzkUC8TNUos4_aL62sgcMbkm.
- http://studunion.kz/ru/for-students/polls/;
- https://l.instagram.com/?u=https%3A%2F%2Fforms.gle%2F6mwPjbEtdhhfZPMo7&e=ATMnJ8knyeqRgvoRoHYVZQNZSODQa6jKGtkjh1l3qUKAn1DbkvKmERt_xzkUC8TNUos4_aL62sgcMbkm.