Басты бет Жаңалықтар Маңғыстау мекенінің жастармен жұмысы

Маңғыстау мекенінің жастармен жұмысы

Осыдан 18 жыл бұрын Ақтауда «Қазақстан жастары конгресі» өтті. Сол кезде тұңғыш Президент аймақта мемлекеттік жастар саясатының маңызы жайлы сөз қозғап, жастарға арналған орталықтардың қажет екенін тілге тиек еткен еді. Елбасы тапсырмасын екі етпестен, 2001 жылы Маңғыстау облысы орталығында «Арман» жастап орталығы ашылған болатын. Құрамына Ақтау қаласы және 6 шағын аудан кірді. Сол «Арман» қазіргі таңда Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығына айналды. Ашылғалы Бері аймақтағы жастардың мәселесін күйттеп, жастар саясатын дамытуға елеулі үлес қосып келеді.

Облыстық Статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, Маңғыстау аймағында 14-29 жас аралығында 145 657 азамат бар. Оның ішінде 70 174-і – қалалық жерде, қалғаны ауылда тұрады. Облыс бойынша жалпы саны 7 жастар орталығы қызмет атқарады. Атап айтқанда, 13 қызметкерден тұратын 1 облыстық және аудан, қала деңгейінде 82 қызметкердің басын қосатын 6 орталық бар.

Жыл басынан бері облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағытында бірнеше маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде, Елбасы мен Президенттің Жолдауын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын түсіндіруге арналған ақпараттық-насихаттық кездесулер, «Туған жер UpGrade: Мыңжылдық Маңғыстау» өңірлік саяси жастар лагері, «Болашаққа сеніммен» өңірлік ауыл жастарының лагері, консультация алған жастардың үлес санын арттыру мақсатында «Кеңес алаңы» жобасы, осал топтағы жастардың үлесін арттыру мақсатында «Еріктілер корпусы» жобасы, жастар орталықтарының қызметі туралы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында имидждік «Лекториум», Jastar Books, «Кәсіби бағдар» жобалары, жастардың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында «Болашаққа сеніммен» жобасы, «Ауылым – ел бесігім» атты жастар керуені, «Жайдарман ойындарынан Маңғыстау облыстық ашық чемпионаты», «Лекториум – 2019», StartUp жобалар сайысы, еркін форматтағы жастармен кездесулер жүзеге асырылған. Ерекше атап өтер жайт, «Болашаққа сеніммен» жобасы жастардың әлеуметтік мәртебесін көтере отырып, олардың бойында патриоттық рухты, әлеуметтік жауапкершілікті және азаматтық ұстанымды қалыптастыруды мақсат тұтады. Бұл бағытта 1500 студентті қамтыған ашық кездесу өткен болатын.

«Кеңес алаңы» жобасы – жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жеке кеңес беріп, құқықтық біліктілікті арттыру және жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды насихаттау мақсатындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысын, сонымен қатар, қыздар арасындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге және алдын алу мен білікті мамандардың қатысуымен тегін медициналық кеңес алуға мүмкіндік беретін көпфункционалды бірегей алаң. Теңіз жағасындағы амфитеатрда 2 рет қоғамдық қабылдау ұйымдастырылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ендігі жылдың «Еріктілер жылы» болатынын айтқан. Осы орайда облыста «Волонтерлар корпусы» жастар тобы 2017 жылдың 6 қазанында Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының жанынан құрылғанын атап өту керек.   Яғни студенттер мен оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту, өңіріміздегі еріктілер қозғалысын дамытуды мақсат етті. Осы жылдар ішінде 684 жасқа арнайы оқыту шаралары ұйымдастырылып, аталған жастардың 36 бастамасына қолдау көрсетілген. Бүгінде «Волонтерлар корпусы» мүшелігінде 238 жас тіркелген. «Жүрегі толы мейірім» жобасы аясында еріктілердің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 168 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіліп,  98 жалғызбасты азаматтарға адрестік көмек көрсетілді.Түркістан облысы Арыс қаласына 4 тонна, Шығыс Қазақстан облысына 2 тонна гуманитарлық көмек жинап жіберуге ат салысқан.

Еліміздің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану үрдісі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруды талап еткендіктен, келешек жас буынға ұлттық тарихымыздың мәнін терең түсіндіру, бүгінгі буынның ерен істері мен жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында Lectorium жобасы өңірде сәтті жүзеге асырылып келеді. Жобаның негізгі міндеті – жас мамандар мен кәсіби мамандардың ұрпақтар сабақтастығын қалыптасыру, жастар бастамаларын қолдау және ынталандыру. Lectorium 2 форматта өтеді: біріншісі, сыр сұхбат яғни жоба қонағымен білікті модератордың, келген қатысушылар мен қонақтың арасында диалог құрылып, емін-еркін сұхбаттасу алаңы болса, екіншісі  TEDx форматындағы кездесу.  Демек, жоба қонағы белгілі тақырыпта (өмірбаяны, өнегелі әңгімесі) модератордың көмегінсіз толықтай еркін әңгімесін айтып, кеңес беретін ең ашық әрі заманауи алаң ұйымдастырылады.

 

          Кітап сүйгіш оқырмандар санын арттырып, оларды бір ортаға тоғыстырып, оқырмандар клубын құру және жастардың арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Jastar Books жобасы қолға алынған. Кәсіби шыңдалған, еңбек жолында жетістікке жеткен тәжірибелі оқырман мен жастардың арасында сабақтастық орнатып, өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасау үшін Bookdating форматында кездесу өткізіледі. Яғни, кез келген тұлға болып қалыптасқысы келетін жас үлкендерге қарап бой түзейді, сәйкесінше, үлгі тұтар тұлғаларының жетістік сырын білуге және қандай әдебиеттер олардың бойында тұлғалық даму дағдыларын қалыптастырғанын білгісі келеді.  Мұндай кездесулер нәтижесінде кітап сүйгіш оқырмандардың басын бір арнаға тоғыстыратын, ReadingClub яғни, кітап сүйгіш оқырмандардың клубын құрылған. Ал, үшінші клуб мүшелерінің өзара кітап алмасуға жағдай жасайтын – Bookcrossing бағыты. Жобадағы басты міндет – жастар арасында Елбасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын насихаттау, жастардың арасында «кітапсүйгіш» жастардың тартымды келбетін қалыптастыру, жастардың сөздік қорын дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларын арттыру.

2019 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған» бағдарламасы аясында 5624 жас жұмысқа орналастырылған. Атап айтқанда, 2712 – тұрақты жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына – 265, жастар тәжірибесі бойынша – 962, қоғамдық жұмыстарға 1685 жас тартылған. Жастар жұмыссыздығы деңгейі осы жылдың 2 тоқсанында 3,5 пайызды көрсетіп отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 2,8 болған екен. Ал NEET cанатындағы жастар үлесі 7,3 пайыз болды. Былтырмен салыстырсақ, бұл шама 2018 жылы 8,2 пайызды көрсеткен.

«Жастар орталықтары мен жастар ұйымдарының қызмет атқаруы жастар үшін тиімді болары анық және көптеген мүмкіндікке жол ашады. Себебі, жастар орталығы жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдесу, бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, құзыретін және дербестігін дамыту, жастар арасында сандық сауатты арттыруға және жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу, жастар ортасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту, жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді, іске асыруды және бағалауды сүйемелдеу секілді қызметтер атқарады. Бұл игі істердің барлығы жастардың өз әлеуеттері мен мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр. Сондықтан елімізде жастар орталықтарын көптен ашуын қалаймын» деп ойын бөлісті Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Абылай Фазылбек.

Жыл соңына дейін жастар саясатын жүзеге асыру барысында батыс аймақтық «Өз тарихыңды танып біл» республикалық жастар экспедициясы, жастарға арналған өңірлік IT форум, Жайдарман сайыстарынан Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының финалдық бәсекесі, «Волонтерлар корпусының» құрылғанына 2 жыл толуына байланысты салтанатты шара, облыстық «Жас тұлпар – 2019» жастар сыйлығын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 

Exit mobile version