Басты бет Жаңалықтар Туризм Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараның мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту әрі елдің туристік саласын дамыту.

Жиынға Швейцария, Нидерланд, Италия, Түркия, Қытай, Қырғызстан және басқа да елдердің жетекші БАҚ өкілдері қатысты. Ержан Еркінбаев іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның туристік саладағы жетістіктері мен даму әлеуеті жөнінде айтып берді.

Сондай-ақ вице-министр халықаралық ынтымақтастықтың туризмді тұрақты дамыту және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызын атап өтті.

«Біз инвестиция көлеміне қарамастан әрбір инвесторға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Қазақстан туристік инфрақұрылымды дамытуды жалғастырып келеді: қазірдің өзінде 449-ға жуық жоба іске асырылды, алдағы уақытта 300-ге жуық жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қадамдар Орталық Азияда тікелей шетелдік инвестицияларды тартудағы еліміздің жетекші ұстанымдарын сақтауға және халықаралық аренада ықпалды күшейтуге бағытталған», – деді Е.Еркінбаев.
Exit mobile version