Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұхановтың айтуынша, өңір тұрғындарының 133 мыңнан астамын жастар құрап отыр.
Оның ішінде 74 мыңы экономикалық белсенді санатқа жатады.
«Биыл жастар саясаты мәселелеріне жергілікті бюджеттен 224 млн теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Атырау қалалық, аудандық Жастар ресурстық орталықтары арқылы жастарға ерікті негізде қоғам өміріне қатысу, құзыретін дамыту, бастамаларын қолдау іске асырылып жатыр. Қазір Жылыой, Махамбет, Мақат аудандарында NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі қосымша бір штат бөлінді», -дейді ол.