ESPN инсайдері Майк Коппинджердің мәліметіне сүйенсек, IBF/IBO титулының иесі Геннадий Головкин мен WBA Super чемпионы Риота Мурата арасындағы орта салмақтағы біріктіру жекпе-жегі 9 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өтетін орны сол күйінде қалды – Сайтама (Жапония). Шоуды DAZN стриминг қызметі көрсетеді. Еске салайық, жекпе-жек бастапқыда желтоқсанның соңында өтуі керек еді, бірақ Жапония үкіметінің карантиндік шараларды күшейтіп, шетелдіктер үшін шекараны жабуына байланысты көктемге шегерілген болатын.

Айта кетейік, Мурата жеңген жағдайда GGG 17 қыркүйекте Сауль Альвареспен кездеседі. Ал мексикалық 9 мамырда Дмитрий Биволмен жұдырықтасады.