Осы аптада елордада көрмелер, спектакльдер, концерттер және т.б. өтеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

3 наурызда филармония әртістері көрермендерге «Астана» концерт залында «Арулар, асыл жандар» музыкалық кешін, ал «Шалқыма» халық би ансамблі Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы мәдениет үйінің сахнасында «Есіл еркелері» концертін ұсынады.

4 наурыз сағат 11:00-де. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағылар үшін «Әлемнің жарығы» қайырымдылық концертімен классикалық және эстрадалық вокал, халық әні бөлімдерінің, «Қорқыт» этно ансамблінің әртістері өнер көрсетеді. Күндіз осы уақытта «Қош келдің, әз Наурыз» мерекелік қайырымдылық музыкалық бағдарламасы «Үміт» дағдарыс орталығында ұсынылады.

Ал 5 наурыз күні сағат 15:00-де «Жан анам» классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің Халықаралық әйелдер күніне арналған концертін тамашалауға болады.

4 наурызда сағат 16:00-де, сондай-ақ 5 және 6 наурызда сағат 12:00, 14:00, 16:00 кезінде дәл осы сахнада халық ертегісінің желісі бойынша А. Салаеваның «Старик перекати-поле» қойылымын көрсетеді.

Музыкалық жас көрермен театры 3 наурыз күні сағат 19:00-де «Шәмші» мюзиклін көрсетеді, күндіз осы уақытта театр сахнасында «Махаббат-жүрек» музыкалық-поэтикалық спектаклі қойылады. 6 наурыз күні сағат 18:00-де көрермендер «Махаббат бар ма?» комедиясын тамашалай алады.

6 наурыз күні сағат 16:00 және 19:00-де «Nomad City Hall» сахнасында «Ауыл хикаялары» спектаклі көрсетіледі.

5 және 6 наурыз күндері кешкісін жастар Ж.Аликеннің «Күйеу бала» драмасының премьерасын ұсынады.

4 наурызда «АЛЖИР тұтқыны» Рахиль Плисецкая» (Рахиль Плисецкаяның 120 жылдығына орай) тақырыбында көрме, ал 6 наурызда «Алаш партиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейхан» экспозициясы ұйымдастырылады. Мұның бәрін дирекцияның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан көруге болады.

4 наурыз күні сағат 16:00-де Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында креативті индустрияны дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Әлемнің жарығы» мерекелік концерті өтеді.

Сонымен қатар, осы аптада орталықтандырылған кітапхана жүйесі 30-ға жуық іс-шара өткізеді. Елорда кітапханаларында кітап көрмелері, поэзия сағаттары, кездесулер, әңгімелесулер, мерекелік концерттер және т.б. өткізіледі.

Демалыс күндері, 5 және 6 наурыз күндері сағат 16:00-де Астаналық цирк Алматы мемлекеттік циркінің «EXCENTRIKO» шоу-бағдарламасына шақырады.

Іс-шаралардың бәрі санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып өткізіледі.