Мұсылман қауымының қасиетті айы Рамазан кезінде ауыз бекітетіндер ағзаның әлсіремеуі және сусызданбауы үшін дұрыс тамақтану ережелерін ескергені жөн. Соған орай Elorda.info төменде диетологтардың кеңесін ұсынады.
Егер таң атар алдында ішетін асты өткізіп ала берсеңіз, онда сіздің ашығатын уақытыңыз 16 сағаттан 20 сағатқа дейін ұзарады. Сондықтан қандағы қант деңгейі күн батпастан ертерек түседі де, содан сіз шаршаңқылықты сезіп, күніңіз өнімсіз өтеді. Егер сәресіне тұруға ерініп, жатар алдында тыңқия тойып алатын болсаңыз, жеген асыңыз түні бойы май ретінде жиналып, бұл сіздің салмақ қосуыңызға әкелуі мүмкін.
***
Шөлдететін тағамдарға тұздалған өнімдер, консервілер, тұзды жаңғақ, тұздалған қияр, балық өнімдері, сондай-ақ тым көп дәмдеуіш қосылған тамақтар жатады.
***
Әрі күш-қуатыңызды арттырып, әрі қандағы қант деңгейін тез көтеретін өнімдерге тұтасдәнді жармалар, тұтас дәндерден жасалған нан немесе макарон өнімдері жатады. Диетологтар құнары аз тағамдардан (айталық, ақ нан, тазартылған күріш, қуырылған картоп, тәтті кондитер өнімдері, т.б.) бас тартыңыз.
***
Ауыз ашқаннан кейін асқазанған түскен тәтті ішті желдендіріп, астың қорытылуын қиындатады. Одан бөлек, бұл қандағы глюкоза деңгейін көтеріп, тәттіге деген құмарлықты одан әрі ашады.
***
Үштен бірі – күрделі көмірсулардан, тағы үштен бірі – майсыз еттен, қалған үштен бір бөлігі көкөністер мен жеміс-жидектен тұруы керек. Сонда ағзаңызға керекті элементтерді түгелдей аласыз.
***
Сондай-ақ кептірілген және жаңа піскен жеміс-жидек, компот, грек жаңғағы, бадамды да көп тұтыныңыз.
***
Сондай-ақ шай мен кофені де шектеңіз. Олардың құрамындағы кофеин ағзаның регидратациясына ықпал етеді. Бұл күні бойы су ішпейтін адамға өте қауіпті. Егер шайдан немесе кофеден бас тарту қиын болса, концентрацияны біртіндеп азайтыңыз немесе сүт мөлшерін көбейтіңіз.
Оразада өз асқазаныңызға қамқор болыңыз.