Пятница, 22 ноября, 2024
No menu items!

Алматы облысында «BlogCamp Alakol summer school» өтті

Басқа ақпараттар

Жетісуда өткен 28-30 шілде аралығында «BlogCamp Alakol summer school» шарасында бүгінгі күннің трендті болып тұрған электронды БАҚ пен әлеуметтік желінің жілігін шашқан мамандар масстер-класс өткізіп, өз білімдерімен бөлісті.

Қазақстанның әр өңірінен келген қатысушылар Алматы облысының Алакөл жағалауында екі күн бойы сабақ алып, білімдерін жетілдірді.

Жазғы мектептің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Артур Нығметов, Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры әрі «Айтуға оңай» бағдарламасының жүргізушісі Бейсен Құранбек және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы, еліміздің белгілі журналистері мен блогерлері бас қосты.

Басқосуда алғашқы сөз облыс әкімінің орынбасары Омар Мұқашұлына беріліп, әлеуметтік желідегі мәдениеттілік пен интернет журналистикасы жайында сөз қозғалып, «BlogCamp Alakol summer school» жазғы мектебінің жұмысына сәттілік тіледі.

«Қазақстан Республикасының статистика комитетінің мәліметінше, 2008 жылы әлеуметтік желі қолданушылары Алматы облысында небәрі 7,3 пайызды құраса, 2016 жылғы статистика 88,2% болғанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш облыс тұрғындарының ғаламтор мүмкіндіктерін жақсы меңгергенін көрсетеді», – деп атап өтті Жақсылық Омар.

Екі күнге жалғасқан шараға еліміздің медиа тұлғалары Айдос Сарым, Әлішер Елікбаев, Яков Федеров пен Өркен Кенжебек сынды азаматтар қатысушыларға мастер-класс өткізді. Көл жағалауында өткен бұл шарада көптеген қызықты ақпараттар берілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желі белсенділері Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған бағыттарды қолдай отырып, Қазақстанды жаңа кезеңге алып шығу жайын талқылады.

Жергілікті атқарушы органның БАҚ-пен байланысы жөнінде мастер-класста Әлішер Елікбаев Қазақстанның түрлі мекемелері мен компанияларының әлеуметтік желідегі артықшылығы мен кемшіліктерін нақты кейстер арқылы көрсетіп, қандай жағдайда қандай амалдар істеу керектігін жеткізді.

Ал, мастер-класстарын тандеммен өткізген Яков Федеров пен Өркен Кенжебек аудиториямен жұмыс істеу арқылы практикалық тәжірбие жинауға көп мүмкіндік берді.

Электорондық БАҚ пен әлеуметтік желіні тиімді қолдана білуді үйрететін «BlogCamp Alakol summer school» шарасында еліміздің барлық өңірінен келген желі белсенділері мен аймақтардағы Өңірлік коммуникациялар қызметінінің өкілдері, жалпы саны 70-тен астам адам қатысты.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img