Қазақстан бойынша туристік пакет аясындағы рейстер 2 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін тегін болып бекітілді.

Тиісті заң жобасы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Мұндай шара ішкі туризмді дамыту мақсатында жасалып отыр.

Бекітілген ережеге сәйкес, ішкі туризм аясында қызмет атқаратын, туроператордан алынған кәмілеттік жасқа толмаған балалардың әуе билеттері субсидияланады, – делінген Мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасында.

Оған сәйкес, кәмелетке толмаған балалардың билетінің құнын мемлекет өтейді.