Қазақстан бойынша туристік пакет аясындағы рейстер 2 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін тегін болып бекітілді.
Тиісті заң жобасы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Мұндай шара ішкі туризмді дамыту мақсатында жасалып отыр.
Бекітілген ережеге сәйкес, ішкі туризм аясында қызмет атқаратын, туроператордан алынған кәмілеттік жасқа толмаған балалардың әуе билеттері субсидияланады, — делінген Мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасында.
Оған сәйкес, кәмелетке толмаған балалардың билетінің құнын мемлекет өтейді.