Осы жылдың басынан бері елімізде интернет жылдамдығы 62 пайызға артты. Бұл жайында Ұлттық коммуникациялар және цифрландыру қауымдастығының вице-президенті Жанат Асантаева айтты.

«Finprom.kz сараптамалық проталының мәліметіне сәйкес, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша жаһандық рейтингте 80-орында тұр. Жыл басынан бері елімізде интернет жылдамдығы 62,6 пайызға артты. Орталық Азия елдері ішінде Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша көш басында келеді. Ал ranking.kz сараптама порталы бүкіл әлемде интернет қосылуының жылдамдығы мен өнімділігін тексеретін Speedtest Global Index мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстанда бір жыл ішінде бекітілген интернеттің орташа жылдамдығы секундына 50,74 Мбит-тен 2021 жылдың қазанында 62,04 Мбитке-дейін артқанын атап өтеді. Бұл да – Орталық Азия елдері ішіндегі ең жоғары көрсеткіш саналады», – дедіЖанат Асантаева.