Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында жоғары білім алуға бөлінетін гранттар туралы жазды.
Оның айтуынша, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға жалпы саны 1300 грант бөлу жоспарлануда.
«Жоғары білім алу да жүйелі мәселелердің бірі болып саналады. Алдағы жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға жалпы саны 1300 грант бөлуді жоспарлап отырмыз. Ал оқуын тәмамдағаннан кейін оларды жұмысқа орналастыру мәселесімен айналысатын боламыз», делінген жазбада.