Басты бет Жаңалықтар Jaidarman Алматыда Жайдарман ойындарының «Креатив маусымы» басталды

Алматыда Жайдарман ойындарының «Креатив маусымы» басталды

Ағымдағы жылдың 25 наурыз күні әсем қаламызда «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ еліміздің танымал жайдарман топтары арасында арнайы Республикалық Алматы қаласы 1/8 финалдық сайыстарына іріктеу кезеңін бастамақ.

Аталмыш шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылмақ. Республикалық Алматы қаласы 1/8 финалдық сайыстарына 3 күндік редакторлық жұмыстардан сүрінбей өткен және еліміздің түкпір-түкпірінен өз аймақтарындағы додаларда топ жарып жүрген мықты командалар сайысқа түспек.

Кеш жүргізушісі Қазақстан КВН Одағы РЖҚБ Алматы қаласы филиалының директоры, сценарист, продюсер – Құлымбетов Оңдасын. Сондай-ақ, жоғары және премьер лигаларда әдемі ойын үлгісін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері кешке арнайы қонақ ретінде шақырылған.

Осы орайда, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ сіздерді 25 наурыз күні сағат 19.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында (мкр. Нұркент 6) көңілді кештің куәсі болуға шақырады.


Байланыс телефоны: «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ
Алматы қаласы филиалының директоры
Құлымбетов Оңдасын
+7 707 818 34 75

Exit mobile version