Басты бет Жаңалықтар Жас өнертапқыштар сынға түсті

Жас өнертапқыштар сынға түсті

Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Назарбаев­тың жастарға деген ерекше қолдауымен 2019 жыл елімізде «Жастар жылы» болып жария­ланды. Елбасының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев­тың қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы жұмысының заман талабына сай жүргізілуін көздеп әзірленген «ІT-ІMAQORDA» балалар технопаркінің жобалық жол картасына облыстық бюджеттен 60 млн теңге қаржы бөлініп, жобаның жүзеге асуына үлкен қолдау білдіргені жергілікті биліктің білім саласына шынайы жанашырлығы деп білеміз. Өткен сенбі күні «ІT- ІMAQORDA» балалар технопаркінде «Kyzylorda Robot Shool»   робототехникадан оқушылар арасындағы қалалық чемпионат өтті. Оған қаланың 54 мектебінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Аталмыш шараға қала әкімі Н. Нәлібаев қатысып, қатысушыларға өзінің игі тілектерін білдірді.

Қазақстан үшін робототех­ника өте жас сала. Робототехника сайысы біздің болашағымыз — жастар үшін керемет мүмкіндік. Осындай іс-шараларда жаңа әрі креативті идеялар пайда болады. Әрине, қандай да бір жаңашылдық еліміздің дамуына өз септігін тигізеді. Робототехникадан өтетін сайыстарға жыл санап қатысушы­лардың қатары артуда. Мақсаты оқушылардың инновациялар мен жоғарғы технологиялар саласына деген қызығушылығын арттыру, интелектуалдық қабілеттерін дамыту.

Қалалық чемпионатқа қатысу­шы оқушыларға қала әкімі сәтті­лік тілеп, еліміздің болашағы жастар үшін ауқымды жобалар­дың жүзеге асып жатқанын тілге тиек етті:

— Құрметті қатысушылар, шаһарымыз даму мен жаңару­дың даңғылына түскен әсем қала­лардың біріне айналуда. Бүгінде Қызылорда қаласы халықтың жайлы тұрмысына барынша ыңғайлы, жастардың қаласына айналдыру үшін маңызды баста­ма­лар мен ауқымды жобалар қол­ға алынуда. Инновациялық бағыт­та экономиканың үдемелі тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ұлты­мыздың жасампаз қуатын өндіре­тін де жастар. Біздің басты мақ­сатымыз жастарға лайық­ты білім беріп, жаңа мүмкіндік­терді қол­жетімді ету. Бүгінгі күні қаламыз­дағы 54 мектептің бар­лығы 100 пайыз кең жолақты интернет желісіне   қосылды. Мек­тепке дейінгі білім беру ұйымда­рының барлығы электронды балабақша автоматтандырылған жүйеге енгізілді. 2018 жылы Қызылорда қаласының білім беру ұйымдары 11 млн. 785 мың теңгеге 26 интерактивті тақтамен, 195 млн. 495 мың теңге жаңа үлгідегі 11 физика, 11 химия және 8 био­логия кабинеттерімен жабдықтал­ды. Қаладағы 54 мектептің бар­лығы «Күнделік» электронды журналдар ақпараттық жүйесіне қосылды. Сонымен қатар, 1 млн. 632 мың теңгеге 204 дана Wі-fі   модем, 77 млн 142 мың теңгеге 23 робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Қалада бірқатар білім ордалары ІT бағытында оқы­туда алғашқы қадамдар жасады. Атап айтқанда №3 ІT-лицейі мен «Мұрагер» мектебінде 13 млн 768 мың теңгеге 3Д лабораториялары және 9 млн 545 теңгеге 2 цифрлы білім беру кабинеттері жабдық­талған. Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» 6 млн. 146 мың теңгеге 3 D моделдеу кабине­ті­мен» және 8 млн. 521 мың теңгеге «Цифрлық білім беру лабора­ториялық кабинетімен» жабдық­талды, — деді қала әкімі.

Қала әкімі Н. Нәлібаев «ІT-іmaqorda» балалар технопар­кінің жұмысымен танысты. Орта­лықта 3D-сурет салу студиясы, робототехника және 3D-модель­деу секциялары, көпшілік алдын­да өнер көрсету дағдылары мен шығарма­шылық қабілеттерін да­мы­туға арналған кабинеттер, «Іqіmaq» өзін-өзі тану кабинеттері бар.

Қалалық чемпионатқа қатысу үшін командалар саны шектел­ме­ген. Роботтардың дизайнына ешқандай шектеу жоқ. Мамандар­дың пікірінше, чемпионат жас­тардың механика, электроника және бағдарлама жазу саласын­дағы білімдерін шыңдай түседі:

— Робототехникаға бүгінде сұра­ныс көп. Бұл сала біз үшін өте қызықты. Қаңтар айынан бастап робототехникамен айналысып келеміз. Жасаған роботты Роболап деп атадық. Робот жасау үшін көп іздендік. Жасаған робот­тың ерекшелігі шеңберде қарсы­лас роботты шығарып тастайды. Әрбірін дұрыс құрастыру керек, бір жері дұрыс құрылмаса робот істемейді. Бүгінгі жарыстың әсері өте күшті. Робототехниканың Қазақстанда қарқынды дамиты­нына сенімдіміз, — дейді №10 мектептің 9-сынып оқушылары Ернар Берікұлы мен Аружан Бекмұрат.

Чемпионаттың барлық қаты­сушыларына қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.                Сайыстың қорытындысы бойын­ша «Желі бойынша жарыс» кате­гориясы бойынша бірінші санат бойынша Гульвира Атамбаева І орынды иеленсе, ІІ орын төрінен Ғалия Скакова мен Еркебұлан Қазиев көрінді. ІІІ орын Жаңагүл Алдамжарова мен Гүлнұр Дос­жановаға бұйырды.

А.ОМАШ

Exit mobile version