Дастарханға қойылуы ерекше бұл ас соңғы кездері үлкен танымалдылыққа ие. Оны дайындау әсіресе жастар арасында трендке айналған.
Төңкерілген қазанның түбін қасықпен тарсылдатып ұрып жатқан сәттерді әлеуметтік желіден көптеп кездестіруге болады.
Экспресс К — ның жазуынша, маклюбе — шығыс тағамы. Бахрейн, Ирак, Кувейт, Иордания, Палестина, Сирия, Түркия мен Израиль елдерінде кеңінен танымал. Араб тілінен аударғанда «жоғарыдан төменге» немесе «аударылған» деген мағына береді. Құрамы өзбектің палауына қатты ұқсайды. Алайда, бұл тағамға баялды, қызанақ, тәтті бұрыш та қосылып жатады.
Мамандар бұл тағамның төңкеріліп берілуі оның дәміне айтарлықтай әсер етпейтінін айтады. Ерекше әдіс тек дастарханға сән кіргізу үшін жасалады екен.
Маклюбе дайындалу жағынан аса қиын тамақ емес, тек шыдамдылық қажет. Сондай-ақ оның құрамына кіретін азық-түлікке көп ақша кетпейді. Бұл тағам көп адамға арналып дайындалады,