Қазақстанда жалпы және жастар жұмыссыздығының көрсеткіштері есепті кезеңде өзгерген жоқ, 2021 жылдың қорытындысы бойынша тиісінше бұрынғы 4,9% және 3,8% құрады. Бұл сандық мәнде айтарлықтай өзгерістердің болмауымен байланысты: барлық жұмыссыздардың өсуі тек 0,8 мың адамды құрады, ал жұмыссыз жастардың саны тіпті 2,8 мыңға азайды. Бұл туралы Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Сонымен қатар, жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі (республикалық мәннен жоғары) Алматы қаласында (5,2%), Түркістан облысында (5,1%) және Шымкент қаласында (5%) байқалды. Жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіштері Қарағанды облысында (4,5%) және Нұр-Сұлтан қаласында (4,6%) тіркелген.

2021 жылдың соңында ел бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,7% (153 мың адам) құрады. Бүгінде Электрондық еңбек биржасы (Enbek.kz) арқылы жұмыспен қамтылмаған азаматтар үшін жұмыссыз ретінде тіркелу және жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақы төлеуге өтінім беру қызметі қолжетімді. Сондай-ақ, ЭЕБ-да бүгінде түрлі бағыттар мен мамандықтар бойынша 95 мың белсенді бос жұмыс орны ұсынылды.