Күннің соңына таман арқаңыз ауырып, көзіңіз құмыққандай әсер қалдырады, ал аяғыңыздың тамыры шығып кетеді. Сонымен, тексеріп көрелік, барлығын дұрыс жасаймыз ба?
Көзге күтім
Бірінші мәселе – құрғақ көздер. Қалыпты жағдайда біз көзді минутына 20 рет жыпылықтатады екенбіз, ал мониторға қараған кезде қызыққанымыз соншалық, 3 есе аз жыпылықтатамыз. Бұл көзімізді табиғи түрде ылғалдандырудың тәсілі екен. Көзді жиі жыпылықтатыңыз! Жұмыста әр 20 минут сайын үзіліс жасап тұрыңыз. Алдымен алысқа қараңыз, кейін көзіңізді жұмып көз алмасын айналдырыңыз. Нені жасауға болмайды: көзді қолмен уқалау! Қолдар көп жағдайда таза емес, осыдан көзге инфекция түсіп кетуі әбден мүмкін. Немесе дисплейге қалықтаған көбелекті қойыңыз. Оның ұшуына 2 минутқа жуық қараңыз. Тағы бір пайдалы тәсіл: бірінші, көздеріңізді 2 минутқа жуық баяу айналдырыңыз. Тағы да қажет кеңес: бірінші, көздеріңізді жоғары оңға, кейін жоғары солға қарай айналдырыңыз. Әр қимылды 3-5 рет қайталаңыз.
Тік отырыңыз
Кейбірінің омыртқа жүлгесі немесе белі ауырады. Бұған кінәлі – мүсінді дұрыс ұстамау. Компьютер алдында қалай отырғаныңызды тексеріңіз: арқаңыз орындықтың артына тие ме, шынтаққа қолдың салмағы түсе ме, аяқтарыңыз еденде нық тұра ма – осыған мән беріңіз. Бұл арқаның сау болуы үшін маңызды. Жарты сағатта бір рет арқаңызды тік ұстап, иығыңызды бірнеше рет айналдырыңыз. Осы кезде біреу төбеңізден жоғары тартып тұрғандай елестетіңіз – осылай дұрыс тік отырасыз. Арқа мен іш бұлшықетін нығайтатын жаттығу кешенін жиі жасап тұруға тырысыңыз.
Варикоздың алдын алу
Ұзақ отыру варикоздың дамуына себеп болады. Аяқтарыңыздың ісінуіне жол бермеңіз, дене қалпын жиі ауыстырыңыз, орныңыздан тұрып, жиі жүріп тұрыңыз. Негізі, көптеген ауру отыратын жұмыстан туындайды екен. Осылайша біздің денеміз белгі береді. Адамның ағзасы қозғалысқа бейім. Осындай мүмкіндіктен шектелсе қиналады. Оған көмектесіңіз: күніне жарты сағат серуендеу, таңғы 10 минуттық жаттығу жеткілікті!
Мойын остеохондрозы
Кеңсе қызметкерлерінде жиі кездесетін ауру. Оның салдарынан қолда ауырлық сезімі болып, саусақтар мен мойын ауырады. Мұның себебі, мойын бұлшық етіне айтарлықтай күш салғандықтан арқа жүйке тамырларының ұштары қысылып қалады. Осыдан ауырсыну сезімі қолға беріледі. Мұндай қиындықтан қарапайым жаттығу құтқарады. Мысалы, қолыңыздың алғаш рет әлсізденгенін байқасаңыз, басыңызды ақырын ғана 10 рет сағат тілі бағытымен қозғалтыңыз. Сосын керсінше істеңіз. Немесе басыңызды баяу 6-10 рет оңға, кейін солға өзіңізді жақсы сезінгенше айналдырыңыз.
http://anabol.kz