Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!

Жетісу өнерпаздары Испанияда өткен халықаралық би фестивалінен жеңіспен оралды

Басқа ақпараттар

Талдықорғандық «Солнышко» хореографиялық ансамблі Испанияның  Ллорет де Маре қаласында ұйымдастырылған «SUMMER TALENT LEAGUE -2017» халықаралық фестиваліне қатысып, Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының директоры  Есболова Ляззат баяндады.

«SUMMER TALENT LEAGUE -2017» халықаралық фестивалі —  түрлі жанрларда өнер көрсететін шынайы жас таланттардың жиыны. Фестивальге 10-нан аса мемлекет қатысып, ең үздігі Грузия еліне шақырту алды.  Аталмыш  фестиваль қаланың басты алаңында өткені айтылды.

«Халықаралық фестивальге ұжымымыздан 12 оқушы мен 3 мұғалім барып қайттық. Бізді Испания елінің ресми өкілдері өте жақсы қарсы алды. Бұл ел өзінің тамаша табиғаты мен таңғажайып ғимараттарымен таңқалдырды. Конкурстың бірінші күнін қазақ биімен аштық. Ұлттық киімімізге қызыққандар саны көп болғандықтан, қыздарымыз ел назарында жүрді. Екінші күні хорезм биі биленді. Ол да өзінің ерекше би  қойылымдарымен ерекшеленді. Қатысушылар келесі күні Барселона қаласына экскурсиялық сапармен барды. Сонымен қатар  интеллектуалды ойындар мен ойын-сауық бағдарламаларына қатысып қайтты», — деді  «Солнышко» ансамблінің жетекшісі Татьяна Матвеевна.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img