Александр Амзиннің әр кеңесі 140 символмен жазылған твиттер-форматтағы интернет-журналистке арналған кітабынан үзінді. Бұл тек интернет-журналистке ғана емес, көпшілікке арналған қызық нұсқаулық.
Жаңалықтардың құрылымы
- Тақырыпты не оның алғашқы нұсқасын жаңалық жазардан бұрын ойлап табыңыз, кейін емес.
- Тақырып атауында етістік болсын.
- Тақырыптағы етістік нақ осы шақта болмауы керек. Жаңалық — өтіп кеткен не өтейін деп жатқан нәрсе туралы хабарлама.
- Асстарламаңыз, нақтылап отырыңыз. Егер Зимбабвенің президенті туралы «Президент қайтыс болды» деп тақырып қойсаңыз, ол Қазақстан басылымдарында маңызды емес.
- Тақырыптың нақтылығы мен дәлдігін ешқашан құрбандыққа шалмаңыз.
- Тақырыпты көшіріп пайдаланбаңыз: өзгенің ойын толық түсіндіру қийындау.
- Дереккөзден таралған хабарламаны оқыңыз. Сосын, түпнұсқа мәтінді шетке лақтырып, жаңалықты өзіңіз қайта жазып шығыңыз. Қайталаңыз.
- Басында ең маңыздысын, сосын басқаларын жазған дұрыс. Маңыздысы тақырыпта сұранып тұруы керек.
- Жаңалықта кемінде екі дереккөз пайдалануға тырысыңыз.
- Бір фактты бір жаңалықтың ішінде екі рет қайталамаңыз.
- Егер жазылған жаңалықты жазып болған соң, сұрақ әлі туып жатса, онда оны қайта жазып шығыңыз.
- Ал егер сұрақтар әлі өз жауабын алу бір қоңырау шалу арқылы шешілсе, жасаңыз.
- Мақаланың құрылымын факттерді топтастырған соң ойластырыңыз, алдын емес.
- Оқырманның басты сұрақтарына жауап беріңіз: кім. не, қашан, неге және не үшін.
- Оқиғаның алғышартын табыңыз. Ол туралы оқырманмен бөлісіңіз, болып жатқан оқиғаның себебін анықтап білуге тырысыңыз.
- Жаңалық мәтінінде сіздің жеке көзқарасыңыз болмауы тиіс. Сезімталдыққа жол жоқ.
- Сіздің жаңалығыңыз өзіңізге ұнауы керек, әйтпесе ол шала әрі қоқыс деп есептеңіз.
- Оның үстіне, мәтін өзіңізге ұнамаса, ол оқырманға да ұнамайтынын ескеріңіз.
- Микрохарактиристиканы пайдаланыңыз. Саясаткерді саясаткер деп, кинопродюсерді кинопродюсер деп жазғаныңыз дұрыс.
- Барлық мәліметті 4-6 абзацқа сидырыңыз, олай болмаса, мақала етіп жазыңыз.
- Сіз мәтін емес, гипермәтін жазып отырсыз. Сөзіңіздің түсінікті әрі дәлелді шығуы үшін қажетті жердің бәріне сілтеме беріп отыруды ұмытпаңыз.
- Жаңалық бір оқығаннан ұнауы керек., себебі оны бір-ақ рет оқиды.
- Шындықты ақпаратпен шатастырмаңыз: сіздің мәтініңіз болған оқиғаны сол күйінде емес, тек дереккөзден тараған хабарламаны ғана қайталайды.
«Интернет журналистке арналған 140 кеңес» кеңестер тізімін Александр Амзиннен аударған ӨРКЕН КЕНЖЕБЕК.
Жалғасы бар…