Қарттарға құрмет

3405

«Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалы жыл сайын 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнін кең көлемде атап өтеді. Бұл күні пошта ұжымы қоғам мен мемлекет тарапынан қамқорлыққа мұқтаж қарттарға ерекше назар аударды. Басқосуда қариялардың жекелеген әлеуметтік қажеттіліктері, үлкен кісілерге деген қарым-қатынасты жақсы жаққа өзгерту мәселелері, олардың уақытын тиімді өткізу шарттары қаралды.

Басшылық «Қазпоштаның» дамуына өлшеусіз үлес қосып, салымдар салып жатқан әрбір қазыналы қартқа ризашылық білдірді. Қариялар мен асыл әжелер осы уақытқа дейін жинақтаған мол тәжірибесін жастармен бөлісіп, көпшілікке белсенді, жігерлі қалыптарымен өнеге көрсетіп отыр. Филиал директоры Мұхит Кәрібаевтың айтуынша, біздің зейнеткерлер өз балалары мен немерелері үшін ғана даналықтың дариясы емес, сонымен бірге, пошта ұжымы мен бүкіл елдің мақтанышы. Халықаралық Қарттар күніне орай «Қазпошта» қабырғасында мерекелік концерт өтіп, қазыналы қариялар мен әжелерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.