Басты бет Жаңалықтар Маңғыстау әкімінің орынбасары қамауға алынды — БАҚ

Маңғыстау әкімінің орынбасары қамауға алынды — БАҚ

Қаржы мониторингі агенттігі өкілі сұйытылған мұнай газын жеткізуге жетекшілік еткен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталғанын растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалымжан Ниязовқа сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындағаны белгілі болды.

«Ниязов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталды», — деді Маңғыстау облысы Экономикалық тергеу департаменті өкілі.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны айтылды.

Exit mobile version