Баспана – еліміздің ең өзекті мәселелерінің бірі. Мемлекет тарапынан баспана алуға бағытталған түрлі жобалар бар.
Egov.kz-тегі мәліметке сәйкес, мемлекеттен баспана алу үшін:
- Тізімге сай құжаттарды жинап, әкімдікке өтініш беру.
- Құжаттар расталған жағдайда сізге 30 күн ішінде хабарлама келеді. Сол хабарлама негізінде кезекті бақылауда ұстау керек.
- Арнайы құрылған комиссия құжаттарды тексеріп, шешім шығарады.
- Келісімшарт жасасып, тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болу.
Мемлекет тарапынан тұрғын үйге кімдер үміткер бола алады?
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
- Кәмелет жасқа толмаған ата-анасынан айырылған балалар;
- Тұрмыс жағдайы төмен отбасылар;
- Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкер болуға үміткерлер, мемлекеттік сайлаулы лауазым иегерлері;
- ҚР заңнамасында белгілен тәртіпке сәйкес жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған адамдар;
Тұрғын үй алуға кезектте тұрудың екі жолы бар. Біріншісі — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына құжаттарды толық өткізу. Екіншісі – онлайн түрді еgov.kz сайтында ЭЦҚ арқылы құжаттарды тіркеу.
Дереккөз: Dauletten.kz