Баспана – еліміздің  ең өзекті мәселелерінің бірі. Мемлекет тарапынан баспана алуға бағытталған түрлі жобалар бар.

Egov.kz-тегі мәліметке сәйкес, мемлекеттен баспана алу үшін:

  • Тізімге сай құжаттарды жинап, әкімдікке өтініш беру.
  • Құжаттар расталған жағдайда сізге 30 күн ішінде хабарлама келеді. Сол хабарлама негізінде кезекті бақылауда ұстау керек.
  • Арнайы құрылған комиссия құжаттарды тексеріп, шешім шығарады.
  • Келісімшарт жасасып, тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болу.

Мемлекет тарапынан тұрғын үйге кімдер үміткер бола алады?

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • Кәмелет жасқа толмаған ата-анасынан айырылған балалар;
  • Тұрмыс жағдайы төмен отбасылар;
  • Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкер болуға үміткерлер, мемлекеттік сайлаулы  лауазым иегерлері;
  • ҚР заңнамасында белгілен тәртіпке сәйкес жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған адамдар;

Тұрғын үй алуға кезектте тұрудың екі жолы бар. Біріншісі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына құжаттарды толық өткізу. Екіншісі – онлайн түрді еgov.kz сайтында ЭЦҚ арқылы құжаттарды тіркеу.

Дереккөз: Dauletten.kz