Автокөлік пен тұрмыстық электроника шығаратын Корея брендтеріне санкция салқыны тимейді. Бұл жөнінде Interfax хабарлады.

Сеул мен Вашингтон шенділері келіссөз жүргізген соң, АҚШ-тың сауда министрлігі әскерге қатысы жоқ тұтынушыларға жеткізілетін смартфон, автокөлік, кір жуғыш машина және басқа тұрмыстық тауарлар тікелей шетелдік өнім тізімінен шығарылатынын растады.

Как отразятся антироссийские санкции на Hyundai в Казахстане

Басқаша айтқанда, логистика мәселесі шешілген соң, Санкт-Петербургтегі көлік құрастыратын орындарға машина жабдықтарын жеткізу жалғасады. Бұл шешімнің Қазақстанға да қатысы бар, өйткені Hyundai Accent пен Creta-ның бөліктері Алматыдағы зауытқа Ресейден, ал су жаңа Staria мен басқа модельдерге қажет жабдықтар Оңтүстік Кореядан келеді.

Брендтің елдегі өкілдері Hyundai зауытында бұрынғы бағамен алынған жинақтар бар екенін, бірақ бірнеше айға ғана жететінін мәлімдеді. Содан кейін Қазақстанда құрастырылған модельдердің бағасы теңге бағамына байланысты өзгеруі мүмкін.

Дереккөз: kolesa.kz